КЕШ КЕЛГЕН КӨКТЕМ

КЕШ КЕЛГЕН КӨКТЕМ

Құрметті оқырман! Өзім куә болған, шын мәнісінде әңгіме кейіпкерімен жақын араласқан ешқандай қоспасы жоқ осы бір шығарма таза асыл сезім аса бағаланбай арзандап кеткен осы бір шақта кімді де болса бей жай қалдырмасы анық. Біздің замандастарымызға тән мөлдір сезім, биік адамгершілік шынайы тұрғыда сөз болғандықтан, жастарға өмірді бағалай білуге үйретеді.
ӘДЕБИЕТ 10 сәуір 2017 г. 2 979 0
ТҮЙРЕУІШ

ТҮЙРЕУІШ

Айзере жалпы дүниеге қызықпайды. Дүние-мүлік түгілі, базбір қыздарға ұқсап қызылды-жасылды киімге де көзін сатпайды. Ал, әйел атаулының жаны іспетті, бұрымдылардың көбі онсыз жүре алмайтын, оны тақпаса таңы атып, тауығы шақырмайтындай көрінетін сақина, сырға, білезік, моншақ сынды жылтырақтарға тіпті әуестігі жоқ.
ӘДЕБИЕТ 07 наурыз 2017 г. 2 093 0
СУРЕТКЕР МҰРАТЫ Жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы – 60 жаста

СУРЕТКЕР МҰРАТЫ Жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы – 60 жаста

Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. Ол 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарды. Республика Үкіметі үкіметтік басылымдарының бас редакторы. Жазушы-драматург Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» атты және «Балдырған» журналының жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» романы жүлдегер атанды. Ж.Әлмашұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Керемет» сыйлығының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
ӘДЕБИЕТ 18 ақпан 2017 г. 2 353 0
КЕШІРІМ

КЕШІРІМ

Ақ пен қарасы алмакезек өмірде біреуді ренжітіп алу деген оп-оңай. Бірақ кешіру неге соншалықты қиын?
ӘДЕБИЕТ 04 ақпан 2017 г. 1 383 0
Біздің отбасы есірткіден алыс (Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа)

Біздің отбасы есірткіден алыс (Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа)

Отбасында бес ағайындымыз. Бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік. Анамның алтын қолынан дайындалған асты дастарханда таласа отырып жеуші едік. Бәріміз бірімізден қалмай асыр салып, доп қуалап ойнайтынбыз. Ата-ананың тәрбиесін тең алып, толыққанды үлгілі отбасында өсіп-өндік. Көпшілік бізге қызыға да қызғана қараушы еді.
ӘДЕБИЕТ 24 қаңтар 2017 г. 1 567 0
МӨЛДІР МҰҢ

МӨЛДІР МҰҢ

–  Балалар, сабақтың аяқталуына қанша минут қалды? –  Әлі он минуттай уақыт бар, апай. –  Олай болса, сендерге сабақтан тыс сұрақ қояйын. Үй тапсырмасы түсінікті ғой? –  Иә, түсінікті, апай. Қандай сұрақ қояйын деп едіңіз?
ӘДЕБИЕТ 21 қаңтар 2017 г. 1 781 0

Көліктегі әңгіме

Аялдамада тұрғаныма көп болған. Суық ызғар табанымнан өтіп барады. Асығыс алға қарай жүріп, тоқтаусыз жүйткіп жат¬қан көлікшілердің біріне қол көтердім. Жүр¬гізушімен амандасып, баратын мекен-жайым¬ды айтып, көлікке жайғастым. 
ӘДЕБИЕТ 19 қаңтар 2017 г. 1 862 0
Мен өлең оқығанда...

Мен өлең оқығанда...

Мен өлең оқығанда,  Күллі әлем қалады нұрға тұнып, Әсем гүлдер төбеде ырғатылып.  Жүректі жан қарайды таңданумен,  Жанарынан жас тамып жырға тұнық. 
ӘДЕБИЕТ 14 желтоксан 2016 г. 1 481 0
Мұхитта жүзген ақ кеме

Мұхитта жүзген ақ кеме

О, Отаным! Құт дарып, Қыдыр қонған, Қонбаған кез Арқаға бүгінгі Ордам. ... Бұл оқиға төсінде көк мұхиттың, Ширек ғасыр осыдан бұрын болған.
ӘДЕБИЕТ 14 желтоксан 2016 г. 1 334 0
Тау тұлғалы ақын

Тау тұлғалы ақын

Тарих, әдебиет, өнер сынды рухани құндылықтар – мемлекет құрылымының мызғымас іргетасы. Олардың әрқайсысының сан салалы қырлары бар. Ал осынау ұлттық құндылықтың іргетасын кімдер қалайды? Әлбетте, шығармашылық өкілдері. Ханға да, қараға да тиесілі пенделік тірліктің парқын ұғып, парасат-пайымына терең бойлайтын қаламгерлер елдік мәселелерге ен¬жар қарай алмай, кейде қоғамның қат-қабат қайшылықтарына қарсы үн қатып жатады. Үн қатады дегеніміз, "жайдақ атқа міне шауып”, аттандап айғай салу емес. Олар ішкі жан толқынысын, өмірге деген тала¬бы мен талпынысын, тіпті болашаққа деген болжамын шығармашылық еңбегі арқылы жасырмай жария етеді. Жаратқанның жазуымен қолыңа қалам алған екенсің, онда көңіл қалтарысында көлденең сыр бүгіп қалуға хақың жоқ. Ымыраға келмес тірліктің ығына есіп, әуре -сарсаң болудың қажеті қанша?..
ӘДЕБИЕТ 03 желтоксан 2016 г. 1 488 0