« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Орынбасар Әлжіктің аты қазақ әдебиеті сатирасындағы қадау-қадау есімдердің қатарына тұрып алғалы қаш-шан. А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, У.Уайдин, К.Әмірбек, Т.Әлімбек, О.Әлжік... Базардан сатып алып сыйлық сыйлауды бәріміз де білеміз. Ал, тамам жұртқа күлкі сыйлап көрдіңіз бе? Күлкі – қан тамырлары, жүйке жүйесі, бас, ас қорыту, буын ауруларының емі. Мұны зерттеушілер айтады. Жақсы жазушы бізге осыншама баға жетпес байлық сыйлап жүр екен ғой.
Осы ризашылықты күнде жанымызда жүрген, облыстық тіл басқармасы басшының орынбасары Орынбасар Әлжікке арнап жеткізгіміз келеді.
Орынбасар-Орман өмірде өте қарапайым. Айтпақшы, Орман О.Әлжіктің әдеби лақап аты. Оның қарапайым сөздерінің өзіне-ақ езу тартып тұрасың. Кейде Орекеңнің қасында күлмейінші осы деп ойлайсың. Бірақ езуіңнен қашқан күлкі көтеріліп көзіңе жетеді. Бәрібір күлесің.
Жақында Орынбасардың "Есік көрген еркек” деп аталатын жаңа кітабы қолымызға тиді. Ашпай-ақ, атына күлдік.
Өмір неден тұрады?
Өмір жеуден тұрады. Шахматшы фигураны жейді, жебір ақшаны жейді, бастық қызметкерін жейді, қызметкер үйіне келіп әйелінің миын жейді. Түбі "страдать” ететін әйел.
Солдаттың сұрағы
– Егер соғыс болса кімді қорғаймын?
– Отанды.
– Отан деген не?
– Ол жер.
– Жердің бәрін алпауыттар бөліп алып, сонда мен солардың жерін қорғамақпын ба?
– Онда қаланы қорға.
– Қала толы бизнесмендердің ресторан, казиносы соларды қорғаймын ба?
– Осы басың өзіңдікі ме?
– Иә.
– Онда басыңды қорға.
Таңдау
– Арақ беріңізші?
– Қандай?
– Мас қылатын.
Рұқсат сұрау
Жігіт: – Сіздің жүрегіңіздің акционері болсам ба деймін.
Қыз: – Активтік үлесіңіз көп болса, байқап көріңіз.
***
Нарық заманы күшіне мінгенде Орманның айтқаны: – Нарық социализмнің талтаңын көтермейді екен.
***
Руы қара күшік Орманның сәбиіне айтқаны: – Дай лапу!
***
– Әкеңіз нендей өсиет айтты? – деп сұрағанға Орманның айтқаны: – Әкем арақ пен темекіні тартпа, домбыраны тарт деп еді. Соңғысының соры бар екен, алдыңғы екеуінің бағы жанды.
***
"Көзімізге көрінбей кеттің ғой” деген әкімге Орманның айтқаны: – Көрінейін деп келіп тұрмын.
***
– Қасқыр жарасын өзі тілімен жалап емдейді екен, – деп таңырқағанға Орманның айтқаны: – Енді ол "жарамды емдеңдер” деп больницаға барады деп пе едің.
***
Отырыстан жалыққан Орманның айтқаны:
– Біраз бас жаздық, енді аяқ жазайық.
***
Орманның дәрігерден тәуір палата сұрағандағысы:
– Телевизор көріп жатып ауырғым келеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |