ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курстар өтеді. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағдарламасына сәйкес өткізетін курс өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшыларына, тілдерді оқыту орталықтарының директорларына арналған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
284
0
Биыл – еріктілер жылы. Бұл қатарға қосылған жастардың алды қауіпті індетпен күреске өз үлестерін қосып жатыр. Жер-жерден құрылған еріктілер ұйымы түрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларын жасауда. Көктемгі науқан кезінде дала диқандарына жәрдемдесіп жатқандары да жетерлік. Осы ретте «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиал төрағасы Талғат Оспанұлы Тілесті әңгімеге тартқан едік.
Cұхбат
13 сәуір 2020 г.
1 411
0
Облыс бойынша, яғни, аудан мен қалааралық үш санитарлық бақылау посты және 32 тосқауыл бекеті бар. Барлығы 35 бекетте арнайы мамандар тәулік бойы жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбай, елдегі ахуалға көз жұма қарайтындар да жоқ емес. Жоқ емес деп сыпайылап жеткіздік, әйтпесе үйде оқшауланбай, ел ішін қара жаяу кезіп не көлікпен жүйткіп, аталған дерттен сақтануды ұмытқандардың қарасы қалың. Ал аймақта коронавирус індетін жұқтырғандар күннен күнге артпаса, кемімеді. Өкініштісі осы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
426
0
Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы күрделеніп тұр. Осыған байланысты инфекцияның шоғырлану және таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 8-22 сәуір аралығында карантиндік режимді және тыйым салу шаралары бойынша облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (7 сәуір, 2020 жыл) «Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы» қаулысы шығып отыр. Оның 9-пунктінде: «... карантин кезінде республикалық, облыстық және жергілікті баспа басылымдардың таралымын таратуды уақытша тоқтату және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында, PDF форматта) жариялауды» атап көрсеткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
643
0
Жаһанды жайлаған індеттің қаупі жан-жақты түсіндіріліп, сақтану шаралары қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан, жұмбақ дерт Сыр өңірінде де сындарлы күйде тұр. Наурыздың аяғына қарай бірлі-жарым бой көрсеткен вирус аз уақыттың ішінде белең алды. Бүгінде өңірде індет ілмегіне іліккендер саны күннен күнге көбейіп отыр. Соның ішінде Шиелі ауданынан 52 науқастың шығуы жағдайдың шын мәнінде күрделі екенін білдірсе керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
594
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөз сөйлеп, коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шаралар дер кезінде қабылданғанын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
359
0
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Онда бүкіл әлемді алаңдатып отырған індеттің адамзатты үрейлендіріп, қауіп-қатер төндіргенде халықты сабырға шақыратын, парасатты ойларын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
336
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде қандай ауыл шаруашылығы өнімдерін квота бойынша экспорттауға болатыны және қандай азық-түлік тауарларын елден шығаруға толық тыйым салынғаны туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ
13 сәуір 2020 г.
519
0
Қызылордада бұрын анықталған науқастармен байланыста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылған 3 адамнан ауру белгілері табылды. Осылайша дертке шалдыққандар саны 119-ға жетіп отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинінде мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
431
0
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бірнеше діни мерекелер – Пасха, Песаха және Рамазанға орай оларды коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпінсіз атап өту бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2020 г.
413
0