« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Онда бүкіл әлемді алаңдатып отырған індеттің адамзатты үрейлендіріп, қауіп-қатер төндіргенде халықты сабырға шақыратын, парасатты ойларын білдірді.
Қазіргі таңда әлемде 1 млн 500 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырып, ондаған мың адам құрбан болып отыр. Сонымен қатар, қауіпті індет дүниежүзінің экономикасына орасан зор қиыншылықтар әкелуде. Алып өнеркәсіп орындары жұмыстарын тоқтатып, мұнай бағасы құлдырады.
Біздің еліміз қауіпті індеттің алдын алуда бірқатар жұмыстарды бастады. Көптеген сақтандыру шаралары жасалды, жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне ендірілсе, базарлар, театрлар, ойын-сауық орталықтары, көрмелер және т.б. жұмыстарын уақытша тоқтатты. Сонымен бірге олар жыл соңына дейін мүлік салығынан босаттылды. Қазақстанда 1 млн 300 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл кәсіпорындарда 3,5 млн адам еңбек етеді. Экономикамыздың тірегі боп саналатын шағын бизнес індет тудырған қиыншылықтарға байланысты енгізілген карантиннен кейін жұмысшыларын демалысқа жібергені рас. Оларға үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.
Салық салудың жалпы тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл аяғына дейін жеке табыс салығын төлемейді. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан төленетін салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 1 қазанға дейін босату көзделген.
Мақалада Тұңғыш Президент аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне зор үміт артып, халықты ынтымаққа шақырып, ізгі жақсылықтар жасауға салауатты өмір салтын ұстауға, еңбекке баулуға, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуге шақырды. Сонымен қатар, індеттен келген қиындықтарды еңсеру үшін барлық қажетті шаралар да қабылдайтынын жеткізді.
Жас ұрпаққа да жігерлі жылы лебіздерін білдірді. «Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгенінің бәрін жасады, енді сендердің де күш- қайрат жұмсайтын кездерің келді», – деп жастарды да отансүйгіштікке, өзгеге қамқорлыққа, еліміздің дамуына аянбай еңбек етуіне жол көрсетті.
Атақты ғұлама Әбу Әли ибн Сина кезінде «Үрей – дерттің жартысы, байсалдылық – денсаулықтың жартысы, сабыр – сауығудың басы» деп даналық сөзін айтқан болатын. Біз ұлт болып ұйыса білсек, әлеуметтік жағдайымыз да жақсарып, экономикамыз да қалпына келіп дамиды, індет те жойылады. Халық темірдей тәртіпке бағынып, еліміздің заңдарын қатаң сақтап және індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмектесуіміз керек.
Сәкен СЕРІКБАЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |