« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бірнеше діни мерекелер – Пасха, Песаха және Рамазанға орай оларды коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпінсіз атап өту бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл мерекелер – бірігу сәттері екенін атап өтіп, «Бұл – отбасылар бірге жиналатын уақыт. Құшақ ашып, қол алысатын, адамдарды рухани біріктіретін уақыт. Бірақ осы жолы әдеттегідей емес, бәрі басқаша», - деді ол.
«Қазіргі кезде біз жолымызды әпенді, сюрреалистикалық әлемде табуға тырысып келеміз. Үнсіз көшелер әлемінде. Витриналары тас жабық әлемде. Босаған діни ғимараттар әлемінде. Және де үрей басқан әлемде», - деді А.Гутерриш.
ДДҰ-да атап өтілгендей, дін көшбасшылары халықтың құрметі мен сеніміне бөленгендіктен, олар коронавирустың таралмауына маңызды үлес қоса алады.
«Шіркеулер, синагога және мешіттерде адамдардың жиналуына келсек, сарапшылар мұнда ұлттық билік берген кеңестерді ұстануға шақырады. Баруға рұқсат етілсе де, қатаң санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау: бір-бірінен бір метр жерде жүру, адамдарды ұстамау, бір-бірін сүймеу және қасиетті заттарға маңдайды тигізбеуге кеңес етіледі», - делінген ақпаратта.
ДДҰ мәліметінше, егер діни ошақтарға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаса, діни жоралғыларды өткізуден бас тарту немесе оларды қашықтан өткізу мүмкіндігін қарастыру керек.
«Рухани күшті бұл киелі оқиғалардың өзінен алып, оларды ойлану, еске алу және жаңару мүмкіндігі ретінде пайдаланайық. Бұл қауіпті вируспен күресте аянбай тер төгіп жүрген қаһарман медициналық қызметкерлер, қалалар мен кенттерімізде еңбектеніп жүрген барлық адамдар туралы ойларға ерекше орын қалдырайық», - деп шақырды БҰҰ Бас хатшысы. Сондай-ақ ол вирустың алдында дәрменсіз қазір соғыс аймақтарында жүрген адамдар, босқындар туралы ұмытпауды сұрады.
Айта кетейік, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Правослам христиандары Пасха мерекесін 19 сәуірде тойлайды. Ал еврейлердің бір аптаға созылатын Песах мейрамы 8-16 сәуір аралығында өтеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |