Қызылордада бұрын анықталған науқастармен байланыста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылған 3 адамнан ауру белгілері табылды. Осылайша дертке шалдыққандар саны 119-ға жетіп отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинінде мәлімдеді.
- Жалпы, науқастармен қарым-қатынаста болғандар саны - 1449, оның 802-сі тығыз байланыс жасаған, потенциалдысы - 647. Барлығы медициналық бақылауда. Жағдайлары қанағаттанарлық, - деді ол.
Сб-ақпарат.