"Сыр бойы" газетінің қағаз нұсқасын шығару уакытша тоқтады

Қызылорда облы­сын­да коро­на­вирустық инфек­цияның эпидемио­логия­лық ахуалы күрделеніп тұр. Осыған байланысты инфек­цияның шоғырлану және тара­луына жол бермеу мақ­сатында осы жылдың 8-22 сәуір аралығында каран­тиндік режимді және тыйым салу шаралары бойынша облыстық Бас мем­лекеттік санитарлық дәрігерінің (7 сәуір, 2020 жыл) «Облыс тұрғындары арасында қауіп­сіздік шараларын күшейту туралы» қаулысы шығып отыр. Оның 9-пунк­тінде: «... карантин кезінде рес­пуб­лика­лық, облыстық және жергілікті баспа ба­сылым­дардың таралымын тара­туды уақытша тоқтату және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайт­тарда, әлеуметтік желі­дегі парақшаларында, PDF форматта) жария­лауды» атап көрсеткен. 

Осы қаулыны негізге ала отырып, «Сыр медиа» ЖШС қарасты ба­сы­лымдардың қағаз нұсқа­сының уақытша тоқтағанын, дегенде оқырмандарымыз га­зет­тің PDF нұсқасын электронды сайтымыз бен әлеуметтік парақшалардан оқуына толық мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Бұл мәселеге газет оқырмандары түсініс­тік­пен қарайды деген сенімдеміз.    

«Сыр бойы» газетінің ұжымы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2020 г. 587 0