РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАН ДҮНИЕНІҢ АЙНАСЫ

Бүгінгі күні саяси сипаты мәнді, халықты елең еткізіп, ескінің жаңғыруы негізінде жаңа бастамаға бағыттайтын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының астары адамдарды біріктіріп, рухани қатынаста әрекет етуге меңзейді.Әлеуметтік өркендеудің жаңа жағдайында еліміз тәуелсіз мемлекет жолымен нық басып келе жатыр. Ендігі мақсат қоғамның басты мәселелерінің бірі адамзат санасының  рухани жаңғыруын жүзеге асыру болып табылады. Рухани жаңғыру еліміздің әрбір азаматының жан дүниесінің сипатына негізделеді. Тұлғаның рухани әрекет етуге қабілеттілігін бірнеше жағдайларға сүйеніп  тұжырымдауға болады. Бірінші жағдай – бұл ерік күші.  Ерік күші – алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн адамзат сапасы. Мақсатқа жету жолында жеңген кедергi, бөгеттер неғұрлым күштi болса, соғұрлым ерiк күшi мықты болады. Біздің мемлекетіміз мақсаты айқын елдердің қатарында. Себебі, осы кезеңге дейін халқымыздың басынан қаншама зұлмат заман өтсе де, елін, жерін, ұрпағын және салт-дәстүрін сақтап қалды. 
ҚОҒАМ 12 желтоксан 2017 г. 1 127 0
МАРЖАНЫ СЫРДЫҢ – ШИЕЛІ

МАРЖАНЫ СЫРДЫҢ – ШИЕЛІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында елдің мақсат-мұратын жүзеге асыруға бағытталған, рухани жаңғыруға негіз болатын бірқатар бағыттар айқындалған. Бағдарлама баспа бетінде жарияланған сәттен бастап ел ішінде кеңінен талқыланып, ондағы мақсат-міндеттерге байланысты шаралар атқарылуда. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шиелі ауданындағы шараларға шолу жасаған едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 2 299 0

РУХАНИ ҚАЗЫНА

Елбасы өз мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – деді. Осы ретте «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өткенді жөн санап отырмыз. Жыл басында аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау бойынша акциялар өткізіліп, тарихи мәліметтермен көне жәдігерлер жинақталуда. Ауданымыздың тарихи киелі жерлерін кеңінен насихаттау мақсатында саяхат, экспедициялардың кестесі әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Қасиетті жерлердің мәдени-географиялық белдеулерінің толық тізбегі қайта жаңартылып, тарихи деректері толықтырылды. Рухани құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мұражайлар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып, білім беру мекемелерінде туған жердің тарихын оқыту жұмыстары жүргізілуде.
ҚОҒАМ 12 желтоксан 2017 г. 754 0
КӨП ТІЛЕГІ КӨЛ БОЛАР...

КӨП ТІЛЕГІ КӨЛ БОЛАР...

Жалағаш ауданында «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы болып өтті. Акция аясында ауданға келген қонақтар, дәлірек айтсақ, еліміздің әр қиырында еңбек етіп жүрген туған жердің төл перзенттері алдымен тарихи-өлкетану музейінде болып, ауданның өткені мен бүгіні жайлы тарихи маңызды деректермен танысты. Сонымен бірге, Оқушылар үйінде жас суретшілермен, әуез мектебінде өнер өкілдерінің қатысуымен шеберлік кластары ұйымдастырылып, жас жеткіншектердің спорт шеберлерімен кездесуі өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 1 162 0
САЛАМАТОВ ТУРНИРІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

САЛАМАТОВ ТУРНИРІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

Өткен аптада, яғни, 8-9 желтоқсан күндері Қызылордадағы «Евразия» және «ПетроҚазақстан» спорт кешендерінде белгілі мұнайшы, «Құмкөлдің мұнай генералы» Мұрат Ғазизұлы Саламатовтың 75 жылдығына арналған футзалдан турнир өтті. Мұнай компаниялары мен сервистік компаниялардың арасында өткен турнирге 12 команда қатысты.
ДОДА 12 желтоксан 2017 г. 733 0
Мектеп түлектері – біздің мақтанышымыз

Мектеп түлектері – біздің мақтанышымыз

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» мақаласында «Туған жерге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патроиотизмнің маңызды көрінісі» деген болатын.
ҚОҒАМ 12 желтоксан 2017 г. 1 370 0
Тендерге түскен келіншек

Тендерге түскен келіншек

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес және 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай ағымдағы жылдың 22 қараша күні сағ. 19.00 де Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында М.Сәрсекенің  «Тендерге түскен келіншек» атты драмасы қойылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 655 0
Жергілікті полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жергілікті полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдарды таратып түсіндіру жұмыстары жүргізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 535 0
Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

"9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне" орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қалалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Қызылордада мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай жәрмеңке екінші рет өткізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 549 0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттер көрмесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттер көрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесі ашылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 1 134 0