Бос орындар жәрмеңкесі өтті

"9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне" орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қалалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Қызылордада мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай жәрмеңке екінші рет өткізілуде.
Бос орындар жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасу мәселесінің ашықтығын және қолжетімділігін көрсетеді.
Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы бос орындары бар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан бос орынды жәрмеңкеде ұсынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 549 0