Сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттер көрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесі ашылды.
Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және адал еңбек ету құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Көрмеге орта мектептері оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды.  
Көрмені орта мектеп оқушылары 10 күн бойы аралап тамашалайды. Үздік сурет салған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 1 134 0