Тендерге түскен келіншек

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес және 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай ағымдағы жылдың 22 қараша күні сағ. 19.00 де Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында М.Сәрсекенің  «Тендерге түскен келіншек» атты драмасы қойылады.
Қойылымды Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша депаратменті мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруда.
Қойлым мемлекеттік мекеме қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда адал еңбек ету құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Қойылымға облыстық басқармалар мен аумақтық депаратмент, Қызылорда қаласы әкімдігі қызметкерлері және қала тұрғындары шақырылған.
Қойылым туралы қысқаша мәлімет
Бір ғана жағдай кейде күллі дүниенің күл-талқанын шығаруы әбден мүмкін. Айталық, көлік апаты. Сүттей ұйыған отбасы ұл өсіріп, үйлендіріп, немере сүйіп отырған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшырарын білді дейсіз бе? Бір-ақ сәтте... көлігімен зулап келе жатып сол жалғыз ұл кісі қағып кетті. Сынақ: не ата-ана бір тәулікте 100 мың доллар пара беруі керек, не жалғыз ұл темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады. Бір айлыққа қарап отырған қарапайым жандар ондай ақшаны қайдан таппақ?
«Тендерге түскен келіншек» деп аталатын шығарманың аты қалай еліктірерлік болса, заты да сондай, яғни қызықты да қиын шытырман оқиғаға толы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 655 0