Жергілікті полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдарды таратып түсіндіру жұмыстары жүргізді. 
Іс-шараның басты мақсаты жолдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыпастыру және ішкі істер органдарымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда халықпен тығыз қарым қатынас жасау болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында жүргізушілерді тоқтатып, пара беру мен пара алудың жауапкершіліктері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.    
Сонымен қатар, жүргізушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіретін арнайы Нұсқамалармен бірге аталған флаерлер, жадынамалар әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаерлер үлестіріліп таратылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 535 0