НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 578 0
«СЫР МЕДИА» ҰЖЫМЫ ЭКСПО-ға АТТАНДЫ

«СЫР МЕДИА» ҰЖЫМЫ ЭКСПО-ға АТТАНДЫ

«Сыр медиа» ұжымы «EXPO-2017» көрмесін тамашалау және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Астана қаласына жолға шықты. Іс-сапар 7-13 тамыз аралығына жоспарланған. «Сыр медиа» ЖШС ұйымдастырған бұл сапар құрамында серіктестікке қарасты барлық газет редакциялары мен бөлімдерден жиырма қызметкер бар. Журналистер көрмені тамашалаумен қатар оны насихаттауды әрі осы сапарға орайлы келіп  отырған Астанадағы Қызылорда облысының мәдениет күндері шараларынан ақпарат ұсынатын болады. Алдағы  мақсат – әлем көз тіккен «EXPO-2017» көрмесіндегі тарихи, ерекше оқиғалармен қатар қызықты ақпараттарды баспасөз бетінде жариялау, қалың оқырманға жеткізу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 781 0
ЕЛДЕН КЕЛГЕН ЕРЕКШЕ СЫЙ

ЕЛДЕН КЕЛГЕН ЕРЕКШЕ СЫЙ

«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде Астана қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтіп келеді. Бұған дейін жәрмеңке биыл екі мәрте ұйымдастырылды. Алғашқысы 3-4 маусым күндері, екіншісі 15-16 шілдеде өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 529 0
ӘЛЕМДІК КӨРМЕДЕГІ ӨНЕР САЛТАНАТЫ

ӘЛЕМДІК КӨРМЕДЕГІ ӨНЕР САЛТАНАТЫ

Қазір Астанада төрткүл дүниені таң-тамашасымен тәнті етіп отырған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Айтулы шара аясында үстіміздегі жылдың 10-15 тамыз күндері Елордада облысымыздың мәдениет күндері өтеді. Оған аймақтан 270-ке жуық өнерпаздар қатысады деп жоспарланып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 601 0
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛОРДАДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛОРДАДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

Еліміз үшін маңызы ерекше халықаралық көрмені тамашалауға Сыр өңірінен 52 мың билет сатылып, 35 мыңнан астам облыс тұрғындары көрме тамашалауға барған. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік сала қызметкерлері, оқушылар, студент жастар бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 542 0
ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ЖАЗУЛАР  Ерте дәуірдің шежіресі

ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ЖАЗУЛАР Ерте дәуірдің шежіресі

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр-Алты Алаштың Анасы» деп текке айтпағандығын тарихтың көне қатпары дәлелдей түседі. Соңғы жылдары сыр өңірінен ел шежіресі туралы тың хабарлар жиі-жиі шығып жатады. Мәселен, Қарт Қаратудың сілемдері облысымыздың Шиелі ауданының територриясынан аяқталады. Тау бөктеріндегі Еңбекші аулынан шыққан жол дарбаза арқылы Теріскейге беттейді. Тау ішіне кіріңкіреген соң, алдыңызда Сауысқандық шатқалы созыла түсіп жатады. Міне, осы жерде көптеген құндылықтарға кезігесіз.
Тарих 08 тамыз 2017 г. 3 400 0
ӨНЕГЕ ӨРІСІ

ӨНЕГЕ ӨРІСІ

 Бұл әлемде әртүрлі дәуірде небір ғұламалар ғұмыр кешкен. Бәлкім, өмір болмысының өзіне тән заңдылығынан шығар, олардың барлығы да ата-ана рухына табынып, құрметтеп өткен. Себебі, ұрпағы үшін қадірсіз әке мен ана жоқ. Конфуцийден бір әріптесі: «Басқарудың мәнісі неде?» деп сұрапты. Сонда ол кісі: «Патша – патша, құл – құл, әке – әке, ұл – ұл бола білсе, басқарудың мәнісі осы. Әкені құрметтейтін, үлкенді қадір тұтатын адам билікшіге сын айтпайды. Билікшіге өшікпеген адам бүліншілікке құмартпайды. Ізгі адам осының түбіріне үңіледі: Әңгіме әкеге құрмет пен үлкенді сыйлау – адамгершіліктің негізі екенін, бүкіл болашақтың тағдыры осында жатқанын түсіндіруде жатыр», – депті.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 560 0
АСҚАҚТАП ТҰРАР АБЫРОЙ

АСҚАҚТАП ТҰРАР АБЫРОЙ

Жалпы, қазақ «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп жатады. Орынды ой. Бұл ойдың тереңінде туыс қуып,  жеті атасын таныстыру сияқты ұшқары пікір ғана емес, өткеніңді ұмытпа деген өнегелі өсиет жатса керек. Әңгіме «алты Кішкенеден» тарайтын өнегелі, өрісті ұрпақтың өкілі, ұстаздық қызметті өмірінің мәніне айналдырған Жарылқағанов Мұратбай Жарылқағанұлы жөнінде болмақ.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 956 0
ҚАЛАМҒА ҚАНАТ БІТІРІП...

ҚАЛАМҒА ҚАНАТ БІТІРІП...

Кезінде дәннен тау тұрғызып «Күріш фабрикасы» атанған «Мәдениет» ауылы – тер төгіп туған жерін түлеткен еңбек адамдары мен талантты тұлғалардың мекені десе болады. Әріге бармай-ақ 70-80-жылдары совхоз директоры болып басшылық жасаған Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов, Жер-анамен сырласқан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Айнаш Балғабаева, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ұлмекен Төлегенова, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенішбай Әлшоразов осы «Мәдениеттің» киелі топырағында бақытын тапқан, абыройға бөленген жандар.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 936 0
ӘЛИЯ

ӘЛИЯ

Өмір өз дүрмегімен өтіп барады. Оған еш тоқтау жоқ. Дана халқым “өткен күнде белгі жоқ” деп айтқанда өткеннің енді қайтып өнбейтінін, өлгеннің қайтып айналып келмейтінін меңзеген болар.Сыр елінің қасиетті өнер ордасы – облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрының белгілі актрисасы әрі әншісі Әлия Арыс¬баеваның өмірден өткеніне биыл 5 жылға жyықтап қалыпты. Өлмейтін өмір осылай жалғаса бермек. Осынаy сағынышқа толы естелігімді қалай ғана, қай жағынан бастарымды білмей отырғаным... Өткен өмірімізді еске алсам, бірге жүрген, тұрған сәттеріміз көз алдымнан тізбектеліп өтеді.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 698 0