Кезінде дәннен тау тұрғызып «Күріш фабрикасы» атанған «Мәдениет» ауылы – тер төгіп туған жерін түлеткен еңбек адамдары мен талантты тұлғалардың мекені десе болады. Әріге бармай-ақ 70-80-жылдары совхоз директоры болып басшылық жасаған Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов, Жер-анамен сырласқан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Айнаш Балғабаева, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ұлмекен Төлегенова, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенішбай Әлшоразов осы «Мәдениеттің» киелі топырағында бақытын тапқан, абыройға бөленген жандар.
Сонымен бірге, Мәдениеттен шыққан мәдениет, өнер саласының саңлақтары да көптеп саналады. Мәселен, қоғам қайраткері, философ, публицист Ілияс Қабылов, филология ғылымдарының докторы, ақын Өтеген Күмісбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы, термеші Жұмабек Аққұлов, Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбаев секілді азаматтар – «Мәдениет» ауылының майтал¬мандары. Солардың қатарында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Серік Бертаевтың есімі ерекше құрметпен аталады.
Ол 1954 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Мектеп табалдырығында жүріп, аудандық газетке өлеңдер мен мақалалар жаза бастайды. Жас таланттың талабын көріп қуанған Көшекбай Ералиев, Тәуекел Төремұратов, Кәрбоз Серікбаев, Шәйзада Әленов, Роза Кәженова секілді ұстаздары шәкіртінен үлкен үміт күтіп қуанады. Алайда, Сәкең онжылдық мектепте толық оқи алмады. Себебі, Жаңадария совхозы №3 фермасында шопан боп еңбек етіп жүрген әкесі соғыс және еңбек ардагері Бертай Кәрібаев ауыр науқастанып қалады және соғыстың зардабынан екі жанарынан айырылады. Осы жанұялық жағдайына байланысты 1969 жылы 8-сыныпты бітірген ол қалған оқуын сырттай оқып жалғастыруына тура келді.
Шопан таяғын ұстап, әке жолын жал¬ғас¬тырған жас жігіт көктемнің тікендей жауыны мен жаздың аптап ыстығында, күздің қара суығы мен қыстың сары аязында табиғат қаһарынан қаймықпай, қажыр-қайрат танытып, еңбек етеді. Жыл сайын төл алу, мемлекетке қаракөл жүн тапсыру жөніндегі жоспарларын асыра орындап, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен облыстық, аудандық партия, комсомол коми¬теттерінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Болат кездік қап түбінде жатпайды. Қызылдың қиясында қиялға шомып, ойлары өлеңмен өріледі. Шалқар далада шабыты келіп, өлең жаза бастайды. Қызылқұмнан хат жолдап, аудандық газетке шопан өмірі жайлы мақалалар жазады.
Армансыз адам бола ма?! Талаптың тұлпарын мінген талантты жігіт алдына төрт мақсат қойыпты. Біріншісі – әке-шешесін зейнеткерлікке шығарып, ауылға орналастыру, екіншісі – әскерге барып, азаматтық борышын өтеу, үшіншісі – жоғары оқу орнына түсіп, журналист маман-дығын алу, төртіншісі – үйленіп отау құру. Бүгінде Сәкеңнің сол төрт арманы орындалып, төрт құбыласы түгенделіпті. Алты жыл қой бағып, екеуін де зейнеткерлікке шығарып, ата-анасының алғысын алады. Екі жыл әскерде болып, азаматтық борышын өтеп келген соң Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп журналист мамандығын алып шығады. Студенттік шақ – адам өміріндегі естен кетпес қызықты кезеңдердің бірі. Университетте оқып жүріп жаңадан достар тапты.
Қандай мақсатпен қай жерлерде жүрсе де Сәкең туған ауылы «Мәдениетте» құлын-тайдай тебісіп, балалық бал¬дәурен шақты бірге өткізіп, бір мектепте оқыған сыныптас достарын ешқашан ұмытқан емес. Мектепте бірге оқып, білім алған КСРО Жо¬ғарғы Кеңесінің де¬путаты бо묬ған даң-ғайыр ¬дихан ¬Айнаш Балғабаева, «Мә¬дениет» ауылдық ок¬ругінің әкімі Әбіл¬әкім Әлсейітов, ардагер
ұс¬таздар Зәу¬реш Хасаева, Алтын Жа¬ңа¬шева, Бағила Орବзым¬бетова, ¬Рысбике Бекхожаева және бас¬қа да әр салада елге ¬қыз¬мет етіп жүр¬ген дос¬тарын әрдайым мақтан тұтады.
Жаңадария совхозы №3 ферма орта¬лығы Аққолқада №236 «Қышбөгет» сегіз¬жылдық мектеп-интернатта тәрбиеші болған Сәкең 1984 жылы Жалағаш ау¬дандық (сол кездегі «Жаңадария») қазіргі «Жалағаш Жаршысы» газетіне қызметке шақырылады. Аудандық басылымда радиохабарын ұйымдастырушы, әдеби қызметкер, сектор меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редактор, аудан әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Қазіргі уақытта аудандық газет редакторының орынбасары ретінде басы¬лым¬ның сапалы шығуына басшылық жасап, атсалысып келеді.
2006 жылдың қоры¬тындысымен «Жа¬лағаш Жаршысы» газеті түрлі-түсті бояу¬мен безендіріліп, сапалы әрі мазмұнды шығуына байланысты аудандық газеттер арасында облыс әкімінің «Ең үздік басылым» номинациясын иеленіп, жеңімпаз басылым атанды. Сол кездегі өтпелі қиын кезеңдерге қарамастан редакция қызметкерлерінің психологиялық ахуалы тұрақтанып, қаржылық-материалдық жағдайы жақсара түсті.
Қазақстан Журналистер Одағы және Әлем Халықтары Жазушылар Ода¬ғы¬ның мүшесі Серік Бертаев қарымды қалам¬герлер Зордан Салықбаев, Мырзамұрат Ілиясов, Тұрсынбай Тәшенов, Мәлік Аяпов, Ізбасар Мұстафаев, Ахмет Тілеулиев, Бейбітбек Бүркітбаев, Еркін Әбілов, Бексейіт Шайланов, Жұмабек Әбжәмиевтермен басылымда ұзақ жыл бірге қызмет етті. Жалынды журналистің жазған мақалалары мен өлеңдері об¬лыс¬тық, республикалық басылымдарға жарияланды. Өлеңдері бірнеше жинаққа енгізілді. 2011 жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне байланысты «Тәуелсіздік таңы», Жаңадария ауылының құрылғанына 50 жыл толуына орай 2015 жылы «Қызылқұмды түлеткендер», 2017 жылы ғалым-агроном К.Тәуіпбаевтың еңбек жолына арнаған «Тұлғаңа биік қараймын» атты кітаптары жарық көрді. Ел игілігінің мүддесі жолындағы еңбегі ескеріліп, «Ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Журналистер одағының дипломымен, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», облыстық ішкі сая¬сат басқармасының, аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен», «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарының, Қызылорда облыстық Журналистер одағы, облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен және бірнеше рет «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша марапатталған.
Адам өмірінде екі нәрседен, жар таңдау мен мамандық таңдаудан жаңылысуға болмайды. Арманы орындалып журналистік мамандықты меңгерген Сәкеңнің жар таңдауда да жолы болды. Ұзақ жыл ұрпақ тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Бұрыш Төрәлиевамен тұрмыс құрып, 4 бала тәрбиелеп өсірді. Балаларының барлығы жоғары оқу орнын бітіріп, мамандықтары бойынша қыз¬мет етуде.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
Жалағаш ауданы.