«СЫР МЕДИА» ҰЖЫМЫ ЭКСПО-ға АТТАНДЫ

«Сыр медиа» ұжымы «EXPO-2017» көрмесін тамашалау және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Астана қаласына жолға шықты. Іс-сапар 7-13 тамыз аралығына жоспарланған. «Сыр медиа» ЖШС ұйымдастырған бұл сапар құрамында серіктестікке қарасты барлық газет редакциялары мен бөлімдерден жиырма қызметкер бар. Журналистер көрмені тамашалаумен қатар оны насихаттауды әрі осы сапарға орайлы келіп  отырған Астанадағы Қызылорда облысының мәдениет күндері шараларынан ақпарат ұсынатын болады. Алдағы  мақсат – әлем көз тіккен «EXPO-2017» көрмесіндегі тарихи, ерекше оқиғалармен қатар қызықты ақпараттарды баспасөз бетінде жариялау, қалың оқырманға жеткізу.
Қаламгерлер Қызылорда облысының мәдениет күндері аясында 10 тамыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымының қоюымен Иран Ғайыптың «Қорқыт», 11 тамыз күні М.Ф.Ахундзенің «Кетпейсің. Болды. кетпейсің...», «Әдемі балалар музыкалық театр студиясының ұсынуымен Г.Остердің «Мазасыз тиін» қойылымына барып, көрме қонақтарының әсерімен бөлісетін болады. Сондай-ақ, 12 тамыз күні «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің және эстрадалық дуэт, квартет орындаушыларының шоу концертіне барады. Бұл күні ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінен ақпарат тарату да жоспарға енгізілген.
Облыстың Астанадағы мәдениет күндері аясында өтетін түрлі мәдени шаралар жан-жақты ақпараттық қолдау табады.
М.ҚҰРМАНӘЛІ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 766 0