ӨНЕГЕ ӨРІСІ

Бұл әлемде әртүрлі дәуірде небір ғұламалар ғұмыр кешкен. Бәлкім, өмір болмысының өзіне тән заңдылығынан шығар, олардың барлығы да ата-ана рухына табынып, құрметтеп өткен. Себебі, ұрпағы үшін қадірсіз әке мен ана жоқ. Конфуцийден бір әріптесі: «Басқарудың мәнісі неде?» деп сұрапты. Сонда ол кісі: «Патша – патша, құл – құл, әке – әке, ұл – ұл бола білсе, басқарудың мәнісі осы. Әкені құрметтейтін, үлкенді қадір тұтатын адам билікшіге сын айтпайды. Билікшіге өшікпеген адам бүліншілікке құмартпайды. Ізгі адам осының түбіріне үңіледі: Әңгіме әкеге құрмет пен үлкенді сыйлау – адамгершіліктің негізі екенін, бүкіл болашақтың тағдыры осында жатқанын түсіндіруде жатыр», – депті.
Үйреншікті қағида. Бірақ мен үшін, философия ілімінің қатпар-қатпар ілімдерін меңгеру жолында 30 жылдан астам тер төккен ғалым үшін әке жөнінде толғанудың жауапкершілігін сезіну барынша ауыр екенін атап көрсеткім келеді.
Әкенің ақ тілеуін өтеу – парыз. «Мен бүгін әкемді айтып тол¬ға¬намын» деген жолдары бар әнді естіген сайын әкем есіме түседі. Әке туралы баланың бұлайша толғануы – заңды нәрсе. Әке өмірден өткен соң, артындағы  ұрпақ олардың қадірін кеш түсініп жатса да, үлгі-өнегесін, ардақты есімін еш уақытта естен шығармайды. Жаратушының бар құпиясы сонда, әрбір адам баласының бұл дүниедегі  іздері олар өмірден өткенімен, соңында сайрап жатады.
Менің әкем Қожамберлі Байжа¬нов Қазалы ауданының батыс бет¬кейінде орналасқан «Асандар ауы¬¬лы» деп аталатын мекенде өткен ғасырдың он үшінші жылында өмірге келген.
Атам Байжан адалдығымен, ұс¬та쬬¬¬дылығымен, бірсөзділігімен, шаруବқорлығымен елдің белгілі ақ¬са¬қалы болған. Атақты «Асандар» көтерілісіне қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырап, зорлық көр¬ген¬дердің бірі. Мені бала кезімде атам қасына ертіп алып ауыл ақсақалдары бас қосқан отырыстарға жиі апарушы еді. Ол кез кеңестік жүйенің тоталитарлық саясатының қайнап тұрған кезі. Осыған қарамастан, ауыл ақсақалдары Асандар көтерілісінің танымы мен тағылымын жастар санасына сіңіру үшін ұлағатты әңгімелер өрбітетін еді. Сондықтан біз адуынды, қайсар елдің ұрпағы екенімізді мақтаныш ете аламыз.
Менің әкем – Ұлы Отан соғы¬сының ардагері. Соғыс – адамзат баласына келген нәубет. Нәубетке, амал жок, көппен бірге көну керек. Соғыс кезінде коммунистік партия мүшелігіне қабылдануы жігерлі жігіттің қайсарлығына, қабі¬лет¬ті¬лігіне, жан тазалағына берілген әділ баға екені даусыз. Соғыстан аман  оралған әкем тоғы шайқалған, тозығы жеткен шаруашылықтарды қалпына келтіруге аянбай кірісті.
Арлы азамат үшін туған елге қызмет жасаудан артық бақыт бар ма? Туып-өскен жерге табаны тиісімен «Жаңаталап», «Ворошилов», «Майдакөл», «Бөзкөл», «Алға» тәрізді шағын колхоздарда түрлі жұмыстар атқарды. Соғыс кезінде өмірдің қиындығын бастан өткерген, ащы-тұщыны көп көрген, түрлі ұлт өкілдерімен араласқан, жақсы-жаманмен тіл табысқан, орыс тілін үйреніп, кеңестік мәдениетке қалыптасқан, қажыр-қайраты мол, жауынгерлік жолдан өткен, азамат ел ағалары ұсынған қай жұмыстан да бас тартқан жоқ.
Бригадир, есепші, ауылдың ке¬ңесінің хатшысы, төрағасы се¬кілді сол заманға лайық беделді қызметтердің тізгінін ұстады. Партия жүктеген тапсырмаларды мінсіз орындап адал коммунист бола білді. Бұл ретте әкемнің ары таза, қызметіне адал екендігіне халық куә.  Қазалы өңірінің белгілі азаматы, қарымды журналист, марқұм Жетіскен Мә¬кенәлі әкем туралы мақала жазу барысында ауыл ақсақалдарының ес¬те¬ліктерін келтіреді. Әкемнің көзін көрген тыл ардагері Айтмағамбет ақсақал өзі басы-қасында болып, куә болған бір оқиғаны былайша жет¬кізеді.
«Колхозға сол заманда он алты мың сомға сатып алынған Түрк¬і¬меннің асыл тұқымды «Ахалтеке» жыл¬қысы құрдымға құлап өлген. Жылқышыға да, ферма мең¬геру¬ші¬сіне де  қауіп төнді. Асыл тұқымды малды баға да, бағалай алмады деген сенімсіздікпен қылмысқа тартылды. Сотталатын түрлері бар. Енді не істейміз деп әбігерге түскен отбасы, ағайын-туыс уайымдап, ой түбіне жете алмай отырған сәтте Қожам¬берлі арашаға түседі. Қалай дейсіз ғой?!
Қожекең колхоздың есепшісі еді. «Бәріміз жабылып ортамызда жүрген ағайынымызды соттат¬тырып жібереміз бе? Бір амалын табайық та», деп өзі бас болып, айналасындағы мал мамандарына қол қойғызып, асылтұқымды жылқыны, ауыр індеттен өлді деп акт жасатқан. Сөйтіп жылқының өліміне тексерушілердің көзін жеткізіп, құжат арқылы заңды түрде есептеп шығартқан. Осылайша бірнеше адам соттан аман қалды. Айтмағамбет ақсақал «Қожекең иманды, ешкімге қиянаты жоқ, өсек-аяңнан аулақ азамат еді» деп еске алады.
Әкем – біздің ауылдан шыққан алғашқы кәсіби білім алған агро¬номдардың бірі. Шымкент қа¬лବсындағы Қапланбек ауыл¬ша¬руа¬шылық техникумын өн¬ді¬¬рістен қол үзіп  «агрономия» мамандығы бойынша бітірген. Шымкент қаласындағы колхоз бас¬қармаларының төраға¬ларын дайындайтын арнаулы мек¬тепті бітірген, аудандағы санаулы аза¬маттардың бірі болған.
Кеңес заманында К.Маркс атын¬¬¬дағы совхозды ұзақ жыл бас¬қарған, ауданымызды белгілі азаматы, әділдігімен, ұйым¬дас¬¬¬ты¬р󬬬¬шы¬¬лығымен халық¬тың есінде қа묬¬ған, қазіргі таңда белсенді ардагер Сақыбай аға Нармағанбетов былайша тебіреніп еске алады.  «Қожамберлі ағамыз мен совхозға директор болып келсем, шаруашылықта агроном болып жұмыс істейді екен. Білімі терең, ойы зерек, ісі тындырымды, егіннің нағыз маманы, ұйым¬дастырғыш, ісі тындырымды. Сұрастырсам, а󬬬данда алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласындағы колхоз басқармаларының төрағаларын дайын¬дайтын арнаулы мектепті бітірген. «Алға» колхозының төра¬ғасы болып қызмет атқарыпты. Қожамберлі ағамыз басқарған «Алға» колхозының атына сай ауданда алда болғандығы туралы хабардар едім. Бүгінгі жұмысын ертеңге қалдырмайтын, әрдайым әділдікті жақтайтын, елдің жағ¬дайын ойлап жүретін ол халыққа жаға да, таза да бола білді».
Кейіннен әкем «Майдакөл» совхозында бас агроном, агроном қызметтерін атқарды. Осы қызметінде жүріп облыстың дәрежесіндегі зейнеткерлікке шықты. Ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мәселе мақтау-ма¬дақ¬тауда емес, еңбегінің ескеріл¬ге¬нінде. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Сондықтан да мен әкемді еңбегіне сәйкес елден ба-ғасын алған, болашақтың жолын салған жан деп білемін.
Қазақ дүниетанымында адам¬ның абыройын асқақтататын қа¬сиетті үш қазығы бар деген ұғым бар. Ол, біріншіден адал еңбек етуі. Екіншіден, айналасындағы адамдармен түзу қарым-қатынас жасау. Үшіншіден, отбасының береке бірлігін сақтауы. Егер адам осы үш нәрсені әрқашан ойынан шығармаса оның өмірлік позициясы айқындалатыны ақиқат.
Бұл тұрғыдан алғанда менің әкем қазығын тереңге қаққан, өмірлік позициясын айқындаған азамат деп білемін.
Жақында елден жақсы хабар алдым. «Майдакөл» ауылының әкім¬шілігі мен ардагерлер кеңесі ауылдағы әкем тұрған көшеге атын беру туралы аудандық мәслихатқа өтініш білдіріпті. Өтініш аудандық мәслихат депутаттары тарапынан, облыстық ономастикалық комиссия¬да қаралып қанағаттандырылыпты. Мінеки, бұл дегеніміз ел үшін, халық үшін жасаған қызметінің айқын бағасы.
Адалдық пен адамгершілікті қа¬тар ұстаған әкемнің өмірлік өне¬гесі кейінгі жастарға үлгі болатынына сенімдімін.
Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор.
ҚОҒАМ 08 тамыз 2017 г. 537 0