Келесі жылдан бастап халқының саны 2 мыңнан асатын, ал 2020 жылы барлық елді мекенде төртінші деңгейлі дербес бюджет қолданысқа енгізіледі. Ал бұл ауыл әкімдерінің құзыретін арттыруға сеп.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2017 г.
1 303
0
Статистиктер шілдеге дейін сырбойылықтардың саны 777 мың 700 адам болғанын айтып сүйіншіледі. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 65 мыңға көп. Оның басым бөлігі (55,8 пайыз) әдеттегідей ауылдарда тұрады.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2017 г.
984
0
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында аймақта 13 объект жекешелендіріледі. Оның 6-ы коммуналдық меншікте, қалғаны «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ға тиесілі.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2017 г.
477
0
«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман.Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен,білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік»Н.Назарбаев.
Білім
19 тамыз 2017 г.
792
0
Шәкірттерін ұзақ жылдардан бері сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатқан біз еңбек ететін білім ордасының негізі сонау қырқыншы жылдардың аяқ шенінде қаланған. Әдепкіде М.Горкий кейін А.Жданов атын иеленген білім ошағы уақыт өте №25 қазақ орта мектебі деп аталды.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2017 г.
1 001
0
Заман талабы жаңарған сайын жаңаша өмір сүруге бейімделу шарт. Біз қоныстанған Қаратерең ауылы – аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан елді мекен. Соған қарамастан көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан. Жуырда ауылымызда тағы бір қуанышты оқиға орын алды. Ол ұялы байланыстың іске қосылуы болатын.
ҚОҒАМ
19 тамыз 2017 г.
984
0
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаевпен баспасөз-конференциясы өтті. Басқарма басшысы өткен оқу жылының қорытындысына шолу жасап, жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады.
Білім
19 тамыз 2017 г.
1 091
0
АҚШ-тың Пенсильвания университетінде ғалымдар 200-ге жуық студентке зерттеу жүргізіпті. Сонда нені зерттеген дейсіз ғой? Студенттер күн сайын шамамен 20 минут жүгірген, секірген, әйтеуір, әртүрлі жаттығулар жасаған. Бір жетіден соң сынаққа қатысушылар өздерінің көңіл-күйлері туралы айтып берген. Белгілі болғаны, олар ұйқысыздық, әлсіздік дегенді ұмыта бастаған. Дәрігерлер психикаларынан да оң өзгеріс байқапты. Студенттер де тұрақты түрде жаттыға бастағалы көңіл-күйлері жадырап сала бергенін, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген. Сергек әрі көңілді болу үшін, әне, күніне небәрі 20 минут жеткілікті.
ЖАРНАМА
19 тамыз 2017 г.
1 774
0
Жуырда Жаңақорған кентінен агроиндустриалдық аймақ ашып, оны тәжірибе алаңына айналдыру қолға алынды. Тек нақты мақсат пен кәсіпті игеріп әкетем деген талап болса болғаны. Мүмкіндік бар. Істі жасай білу керек. Аудан әкімі Ғалым Әміреев бұл туралы кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдеріне арналған жаңа бастаманың тұсаукесерінде мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 тамыз 2017 г.
433
0
Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің қатысуымен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК аумағында аварияның зардаптарын жою жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараның мақсаты – жылу жүйесінде авария болған жағдайда халықтың, авариялық-құтқару қызметтерінің, басқару органдарының және төтенше жағдай комиссиясының әрекетін тексеру.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 тамыз 2017 г.
680
0