ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЛАҚЫ КІМДЕ?

Статистиктер шілдеге дейін сырбойылықтардың саны 777 мың 700 адам болғанын айтып сүйіншіледі. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 65 мыңға көп. Оның басым бөлігі (55,8 пайыз) әдеттегідей ауылдарда тұрады.
Облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның айтуынша, өлім-жітімнен гөрі туу көрсеткіші жоғары. Есепті кезеңде 2 419 жұп некеге тұрған болса, керісінше 831 ерлі-зайыпты ажырасқан. Мамандар халықтың орташа айлығын да есепшотқа салып көрген. Онысы 120 мың теңгеден асып жығылды. Ең жоғары жалақыны кен өндіру өнеркәсібі мен карьер қазу салаларында жұмыс істейтіндер алады екен. Олардың қолына ай сайын шамамен 277 мыңнан астам теңге тиеді. Ал жалақының ең төменгі мөлшері – білім саласында. Онда да мектепке дейінгі мекемелерде – небәрі 64 мыңның о жақ-бұ жағы. Есесіне базардың бағасы ырыққа көнбей тұр. Азық-түлік – 3,5, одан басқасы 4 пайызға қымбаттаған.
ҚОҒАМ 19 тамыз 2017 г. 970 0