Жекешелендірудің екінші толқыны аясында аймақта 13 объект жекешелендіріледі. Оның 6-ы коммуналдық меншікте, қалғаны «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ға тиесілі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев былтыр 5 нысанның жеке қолға берілгенін айтты. Биыл бұл тізімді тағы 7-і толықтырды. Ал 7 айдың қорытындысымен «Байқоңыр» корпорациясына қарасты 2 ұйым жоба бастамашыларына сатылды. Қалған 5-нің бағасын енді есептеп жатыр. Олар қыркүйектен бастап саудаға шығарылады.
Басқарма басшысы соңғы 5 жылда облыс бюджетінің 1,5 еседен артық толыққанын жеткізді. Ол кезде 138 млрд теңге шамасында болса, қазір 220 млрд-ға жеткен. 1 тамыздағы мәлімет бойынша бюджет түсімі 101,4 пайызға орындалды. Оның ішінде 1,9 млрд теңге артығымен түскен. Ал, шығын жоспары – 972 пайыз.