Алдағы күндері Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтеді. Ауқымды жиын «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбын қамтитын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
729
0
Бейсенбіде Қызылордада ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В.Божко, депутаттар А.Ералиев, Н.Жұмаділдаева, Б.Кесебаева және К.Абсатиров жұртшылықпен кездесті. Онда Елбасы Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасы талқыланып, аталған бағдарламалардың артықшылықтары түсіндірілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
574
0
Ахуалдық орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесі облыстық макроэкономикалық көрсеткіштер, әлеуметтік-экономикалық даму, күнделікті жедел, қоғамдық-саяси жағдай мен бақылаудағы тапсырмаларды орындау мониторингі бойынша ішкі жүйелерді қамтиды. Сонымен бірге мұнда 2007-2014 жылдардағы ретроспективті деректерді қамтитын 1500-ден аса көрсеткіш жинақталған. Бұдан бөлек, ақпараттық-талдамалық жүйе жоғарыда көрсетілген деректердің жинақталуын, өңделуін және ҚР облыстары мен аудандары көлемінде облыстық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау бойынша кешенді ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. Орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесіндегі деректер қорын өзектендіру үшін 21 облыстық басқарма, 3 аумақтық орган және 5 мекеме тартылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
560
0
Малсақ қазақ шұбаттың денсаулыққа шипасын ертеден білген. Қазіргі дамыған медицина енді ғана дәлелдеп жатқан сусынның химиялық құрамын оқымаған қазақтың қалай білгеніне қайран қаласыз... Өкініштісі, соңғы кездері шұбаттың тамақ әрі ас қорытуға пайдасы зор екенін естен шығардық. Төрт түліктің төресі –Ойсылқара тұқымының қасиетін де қаперден шығарып алғандаймыз. Түйе өсіріп, әке дәстүрін жалғаған жаңақорғандық Ақмадияр Жүсіпбековтің әңгімесінен біз осыны аңғардық.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
563
0
Естеріңізге сала кетсек, «Байқоңыр» кешеніндегі ұзақмерзімді әріптестік тұжырымдамасының аясында қаланың болашақ дамуы, сонымен қатар шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар ғарыштық бағдарламалар жүзеге асуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
454
0
САРАТС-2 (Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау) жобасының 4 компоненті биыл республикалық бюджет есебінен жүзеге асырыла бастайды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Арал ауданының активімен кездесуінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
567
0
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Аралтұз» акционерлік қоғамында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
473
0
Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Арал ауданында болды. Онда Үкімет басшысы балық шаруашылығының даму барысымен танысты.САРАТС жобасының іске асып, «Көкарал» бөгетінің салынуы теңіздегі тіршілікке дем берді. 2000 жылмен салыстырғанда, балық аулау көлемі 20 есеге өсті. Өткен жылы 8740 тонна балық ауланса, оның 3410 тоннасы экспортталған. Бұл туралы Үкімет мүшелеріне Арал ауданындағы балық өңдеу зауытының жұмысын таныстырған облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
608
0
Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қараөзек» компрессорлық станциясына барды. Мұнда Үкімет басшысы Президенттің бесінші әлеуметтік бастамасы – «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты. «Қызылорда-Жезқазған» автожолын дамыту перспективаларына да тоқталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
583
0
Өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
31 наурыз 2018 г.
567
0