« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Аралтұз» акционерлік қоғамында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда кәсіпорын біздің елімізде тұз өндіру және қайта өңдеу бойынша ірі өндіріс ошақтарының бірегейі болып саналады. Осында тағамдық және техникалық мақсаттағы жоғары сапалы өнім өндіріледі. Өнім Қазақстаннан тысқары жерде үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, алғашқы өнеркәсіптік тұз өндіру осында 1913 жылы басталған еді. Ал 1925 жылы Жақсықылыш қонысының төңірегіндегі тұзды көлдер негізінде алғашқы артель құрылды. Нақ осы мерзім тұз өндіретін өндірістің құрылған күні болып саналады. Жақсықылыштың төңірегінде еліміздегі табиғи тұздың ең үлкен қоры бар.
Қазіргі таңда кәсіпорында өнімнің 23 түрі шығарылады. Өнімдердің көпшілігі қатардағы тұтынушылармен бірге шаруа қожалықтарында да сұранысқа ие болып отыр. 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өнім өндіру көлемі екі есе өсті. Өнімнің 70 проценті Ресейге жөнелтіледі. Сондай-ақ, Қырғызстанға, Әзербайжанға және Грузияға жөнелтілетін өнім көлемі де ауқымды. Арал ауданының тұзына қазіргі таңда алыстағы шетел мемлекеттері де қызығушылық танытуда.
Үкімет басшысы осында өндіріс үдерісімен, атап айтқанда, екі жыл бұрын іске қосылған жаңа өндіріс цехының жұмысымен танысты. Бұл цехта полиэтилен пленкаларының бірнеше түрі шығарылады. Аталған өнім өндірістің көптеген салаларында және тұрмыста пайдаланылады. Ал «Аралтұзға» келсек, осы өнім тұзды қалталау үшін қажетті өнім болып табылады.
Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев Үкімет басшысына жуық арада қуаттылығы жылына 300 мың тонна құрайтын кальцийлендірілген сода өндірісі іске қосылатынын баяндады. Бұл жобаның құны 90 млрд теңгені құрайды. Осынау ауқымды жобаны іске асыруға Қытайдың трансұлттық «Хайси Дэшен содовая отрасль» компаниясы тартылды. Осы негізде ЖШС «КК СП «АралСода» біріккен кәсіпорны құрылды. Д.Мұқашевтің атап өткеніндей, аталған өндірістің біздің еліміздің кальцилендірілген содаға деген 75 процент қажеттілігін өтейтін болады. Өндіріс ошағы іске қосылғанда 700 адам жұмыспен қамтылады. Жоба «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы қаржыландырады.
ҚР Премьер-Министрі өндіріс орнында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға ризалық сезімін білдірді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |