АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ – ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖОЛАШАРЫ

Ахуалдық орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесі облыстық макроэкономикалық көрсеткіштер, әлеуметтік-экономикалық даму, күнделікті жедел, қоғамдық-саяси жағдай  мен бақылаудағы тапсырмаларды орындау мониторингі бойынша ішкі жүйелерді қамтиды.  Сонымен бірге мұнда 2007-2014 жылдардағы ретроспективті деректерді қамтитын 1500-ден аса көрсеткіш жинақталған. Бұдан бөлек, ақпараттық-талдамалық жүйе жоғарыда көрсетілген деректердің жинақталуын, өңделуін және ҚР облыстары мен аудандары көлемінде облыстық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау бойынша кешенді ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. Орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесіндегі деректер қорын өзектендіру үшін 21 облыстық басқарма, 3 аумақтық орган және 5 мекеме тартылған.

Облыстық ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығымен ықпалдасып, бүгінде қала көшелері мен стратегиялық маңызы бар нысандардағы жағдайды бақылау үшін 243 камерадан бейнебақылау көрсетілімі трансляцияланады. Бүгінге дейін 41 құрылыс және инвестициялық нысандарда орнатылған ІР камералардан онлайн режимде трансляция жүргізілді.

Сондай-ақ, облыс аудандарымен бейнеконференц байланыс мәжілістері тұрақты түрде өткізіліп отырады. Барлық мәжіліс отырыстарының барысы бейне хаттамалау жүйесімен толық жазылады.

Қазіргі таңда облыс басшылығы үшін аймақтың негізгі көрсеткіштері жинақталған жүйенің мобильді онлайн нұсқасы іске қосылған.

Орталық жұмысымен толық танысқан депутаттар өңірде цифрлық технологияны дамыту бастамаларына  оң баға берді.

– Ахуалдық орталық тапсырмалардың орындалуын тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл – кез келген өңірде кездесе бермейтін жаңалық. Оған қоса, құқық қорғау, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі өзгерістерге дер кезінде баға беріледі. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық талаптарына сай келеді, – деді Владимир Божко.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2018 г. 556 0