ШОБ-қа қатысты бірқатар ғарыштық бағдарламалар жүзеге асуда

 Естеріңізге сала кетсек, «Байқоңыр» кешеніндегі ұзақмерзімді әріптестік тұжы­рымдамасының аясында   қаланың бола­шақ дамуы,  сонымен қатар шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар ғарыштық бағдарламалар жүзеге асуда. 

Сонымен қатар, «Восточный»  космо­дро­мын­дағы ғарыш бағдарламаларының бөлігін «Байқоңырға» ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қос тараптан 2022 жылы  жер серігі бар қазақстандық зымыран тасығышын ұшыру үшін  «Бәйтерек» бірлескен жобасын жүзеге асыру мерзімін жеделдету туралы келісілді. 

Байқоңыр қаласының дамуын жаңа құрылыспен қатар, қолданыстағы инженерлік инфрақұрылым желілерін жаңғырту ісін Қазақстан тарапынан қаржыландыру механизмі бекітілді.  Мәселен, қаладағы ауызсу және кәріз желілерін жаңғыртуды республикалық бюджет есебінен жүргізу үшін олар жалдан шығарылып,  Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді.

Байқоңыр қаласын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың қараша айында бірқатар тұрғын үй (447 пәтер), 5 мектеп және 1 балабақша көгілдір отынға қосылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қаржысы есебінен 5 көпқабатты тұрғын  үйдің құрылысы басталды. «Байқоңыр» кешеніндегі тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасын төмендету шаралары да жүруде.

Кездесу барысында қатысушылар Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар бойынша атқары­лып жатқан жұмыстар жайлы да айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір дамуының оң динамикасын атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыс пен алда тұрған іс-әрекеттерге оң бағасын берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2018 г. 451 0