Әлем біріншілігіне аттанған қызылордалықтар

Әлем біріншілігіне аттанған қызылордалықтар

Алматы. Бүгін, 23 қазанда Словения астанасы – Любляна қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын көтереді. Дүниежүзілік дүбірлі додаға аттанған Қазақстан құрамасы сапында қызылордалық спортшылар да бар. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2013 г. 1 005 0
Ақсуатта шағын зауыт ашылды

Ақсуатта шағын зауыт ашылды

Қызылорда. Қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында білім жетілдірген жеке кәсіпкер Асхат Нұрсейітов тас өнімдерін шығаратын шағын зауытын ашты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2013 г. 1 229 0
Өрт 2 бүлдіршіннің өмірін жалмады

Өрт 2 бүлдіршіннің өмірін жалмады

Қазалы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Ерімбет көшесі бойындағы №37 үйде өрт шығып, оқыс оқиға салдарынан 3-4 жастағы екі бүлдіршін көз жұмды. Бұл жөнінде еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2013 г. 1 094 0
Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Қызылорда. Облыстық прокуратура органдары үстіміздегі жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген 76 тексерудің нәтижесі бойынша енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде 39 лауазымды тұлға тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2013 г. 2 194 0
Заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қойылды

Заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қойылды

Қызылорда. Бүгінгі күнге дейін облыста 40 онлайн-казинолары жабылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдануда. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2013 г. 1 190 0
Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда

Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда

Астана. Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда. Бүгін Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысына арналған баспасөз мәслихатында осылайша мәлім етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2013 г. 1 078 0
Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Жаңақорған. Ауданның М.Нәлібаев ауылында еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл жарысты еліміздің спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастырды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2013 г. 1 168 0
Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Жастарды діни ағымдардан сақтайық

Арал. Қалалық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастарды діни ағымдардан сақтайық» тақырыбында семинар өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2013 г. 1 560 0
Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Жұртты алдаған алаяқ құрықталды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы азаматшаны құрықтады. Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматша бірқатар тұрғындарды алдап ақшасын алып, әлі күнге дейін оны қайтармаған. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2013 г. 1 213 0

Республикалық туристік жоба Қызылордадан басталды

Қызылорда. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін насихаттау, аймақтардың туристік әлеуетін таныту мақсатында қолға алынған «Kazakhstan–Terra Incognita»кешенді жобасының алғашқы экспедициясы кеше Қызылорда облысында өз сапарын бастады. Бұл жоба елімізге белгілі саясаткер Ерлан Қариннің бастамасы бойынша Қазақ географиялық қоғамының қолдауымен жүзеге асырылады. Аталмыш шараға облыс әкімшілігі де қолдау білдірді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2013 г. 905 0