Әлем біріншілігіне аттанған қызылордалықтар
Алматы. Бүгін, 23 қазанда Словения астанасы – Любляна қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын көтереді. Дүниежүзілік дүбірлі додаға аттанған Қазақстан құрамасы сапында қызылордалық спортшылар да бар.
Татами төріндегі тайталасқа түсетін ұлдар қатарында Әділхан Қозыбаев пен Айбек Серікбаев бар. Екеуі де 100 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шығады. Қыздар құрамасында 78 келіде қызылордалық Мархабат Ақылбекова ел намысын қорғайды. Ұлдар және қыздар құрамадарының бас бапкерлері – Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина әлем біріншілігіне 20 шәкіртін алып барды. Біздің спортшылар 16 салмақта сынға түседі. Жарыс 27 қазанға дейін созылады.