Арал. Қалалық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастарды діни ағымдардан сақтайық» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және оның алдын алу, жолын кесу бойынша насихаттық жұмыстар жүргізу.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосуға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану және психолог мамандары, ауыл имамдары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды ашқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Дәрменов «Ислам дінінің қоғамдағы рөлі» тақырыбында жан-жақты әңгіме қозғады. Сонымен қатар аудан прокурорының көмекшісі Ә.Сыдықов «Діни қызмет және дін бірлестіктері туралы», Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінің магистранты А.Асанов «Ислам дінінің және теріс діни ағамдардың шығу тарихы», аудандық орталық мешіттің бас имамы М.Әбіштегі «Жастар және дін» тақырыптарында баяндама жасады. Жиналған мамандар мен БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына тұщымды жауап қайтарылды.