Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы азаматшаны құрықтады. Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматша бірқатар тұрғындарды алдап ақшасын алып, әлі күнге дейін оны қайтармаған.
Жергілікті ішкі істер бөліміне арызданған төрт жәбірленуші әлгі әйелдің өздерінен 10 пайыз үстемемен қайтарып беремін деген желеумен қомақты қаржы алған көрінеді. Оның жалпы көлемі 1 млн. 240 мың теңгені шамалайды. Мәселенің олардың бірі 500 мың теңгені алаяқ әйелдің қолына ұстатса, одан кейінгілері 490, 150, 100 мың теңге берген. Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.