КІСІЛІК КЕЛБЕТІ ЕРЕКШЕ ЕДІ

КІСІЛІК КЕЛБЕТІ ЕРЕКШЕ ЕДІ

Кеше ғана ортамызды толтырып, жұбымызды жарастырып отыратын Райымбек досымыздың әлемдік медицинаның ырқына бағынбай дәуірлік тажалға айналып отырған дауасыз дерттің құрбаны болып, 60-тың асуына енді қадам басқанда өмірден озып, Жер-ананың қойнына кіргеніне жылдың жүзі болыпты. Иә, жыл өтті, тірі пендеге уақыттың соншалықты жылдам екенін білгенде өмір деген ұлы ұғымның қаншалықты құнды екенін сезінгендей боласың.
ТАҒЫЛЫМ 11 желтоксан 2017 г. 659 0

ҰЛЫ ДАЛА БИЛЕУШІЛЕРІ

Ерте түрік елінің тарихы туралы деректер Қытайдың кітаптарында IV-V ғасырларда жазылған. Оларда Қытайдың солтүстік шығыс бөлігін жаулаған көшпелі тайпалар хун, санбилер қатарында Ашин руы болғаны баяндалады. Ашин әулетінен шыққан әскери қолбасшылар алғашқы күннен сыртқы саясатта жүргізген басқыншылық ықпалын барған сайын күшейтіп, Сары теңізден бастап (Корея) Еділге дейінгі аралықтағы тайпаларды өздеріне қаратқан. Сөйтіп, VІ ғасырда Түрік немесе ерте Түрік деген этникалық атпен тарихта белгілі болған. Арада жүз жыл өткеннен кейін Түріктер орта Азияның ұлы даласын бағындырып, ұлан-байтақ жерді қытайлықтар «Түріктердің ұлы даласы» немесе «Түріктердің құдіретті шөл даласы» деп атаған. Азияның ұлы даласын қамтыған, жаңадан пайда болған көшпелілер мемлекетіне қытайлықтар өздеріне төнген қауіп-қатер ретінде қарады. Сондықтан, қытайлықтар алғашқы күннен түрік билеушілеріне лайықты тұлғалар деп сырттай жоғарғы әскери атақтарды беріп отырған. Ерте Түрік билеушілері Қытай ықпалында болмау үшін лауазымдануды белгілі бір кезеңдерде өзгертіп, тәуелсіз болу саясатын басшылыққа алып отырған. Ұлы дала билеушілері мемлекет басқаруда қолданған «жабғу», «жабғу-қаған», «қаған» және «хан» лауазымдарын төрт кезеңге бөліп қарау арқылы олардың әрбір кезеңдерде тәуелсіздік жолындағы күресте саяси және тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін көрсеткен жөн.
ТАҒЫЛЫМ 11 желтоксан 2017 г. 802 0
БАЙМҰРАТ БАТЫР БАЯНЫ

БАЙМҰРАТ БАТЫР БАЯНЫ

1690-1760 жылдар аралығында өмір сүріп ұранға айналған ұлы батыр, ел бірлігін сақтаған би, қазақ халқына қорған болған күрескер Баймұрат Байбөріұлының  дәуірі мен батырлық жорықтары жайында ғалымдар аузынан тарихи деректер айтылғанмен, оның көркем әдебиет пен кинодағы тұлғасын бейнелеу алдағы күндердің еншісі.Бүгінгі ұрпақ пен ертеңгі зәузаттардың батыр бабамыз кім еді деген сұрағына жауап беретін сондай дүниелердің алғашқы қадамдарын жасап көруге тырыстық.
ТАҒЫЛЫМ 07 желтоксан 2017 г. 4 276 0
Академик З.Қабдолов – 90 жыл  "ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ"

Академик З.Қабдолов – 90 жыл "ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ"

Асылы, әдебиетті жақсы білу үшін, нақтырақ айтсақ, әдебиет теориясы туралы толғаулы һәм тұрлаулы пікір айта алу үшін ақын не жазушы болып яғни суреткер болмыспен дүниеге келу керек сияқты көрінеді. Ұлы Зекең, академик З.Қабдолов дәл осындай жан, суреткер ғалым болатын. Зекеңнің ғылыми еңбектерінің өзі өлеңдей өріліп, оқыған сайын тереңіне тартып, төгіліп тұратын. Әдебиет пен өнер теориясы, шығармашылық психологиясы, суреткер тұлғасы мен бітім болмысы, т.б. туралы Зекең айтқан ой-пікірлер өзінің сыршыл да шыншылдығымен, тамыршыдай тап басып, тауып айтқан дәлдігімен, өлеңдей оқылатын нәзік дірілімен адамды терең баурайтын.
ТАҒЫЛЫМ 05 желтоксан 2017 г. 1 177 0
ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Елбасымыз бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: бәсекеге қабілеттік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
ТАҒЫЛЫМ 05 желтоксан 2017 г. 947 0
Еліне қайта жаңғыртылған ерлердің есімдері

Еліне қайта жаңғыртылған ерлердің есімдері

Елбасының 2017 жылғы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы, қазақ халқының ұлттық жаңғыруын жаңа белестерге бағыттап ұлттың идеологиямыздың темірқазығы болып, бойға қуат, санамызға сенім беріп, халқымыздың ұлттық патриоттық рухын көтере түсуде. Біздер шығармашылық қауымның өкілдері Елбасының осы мақаладан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда, өңірде қабылданған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары оның тарихы мен мәдениетін бүгінгі заманның өмір талабына сай жаңғыртып, ізденіспен жұмыс жасауға міндеттіміз».
ТАҒЫЛЫМ 04 желтоксан 2017 г. 633 0
Білімді ұстаз, білікті маман

Білімді ұстаз, білікті маман

Еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордасы, жетекші жоғарғы оқу орны, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімізден бүгінгі таңда еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген ұстаздар, профессорлар, ғалымдар, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері түлеп ұшты. Олар өз еңбектерімен қатарластарынан басым озып, қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
ТАҒЫЛЫМ 28 қараша 2017 г. 1 332 0
АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫ-ҒАЛЫМ

АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫ-ҒАЛЫМ

Ілияс Қабылов – ұлт мақтанышы. Олай айтуымызға толық негіз бар. Алдымен І.Қабыловтың өмірбаянына, қызметтеріне, ғылыми еңбектеріне тоқталып өтсек. 
ТАҒЫЛЫМ 28 қараша 2017 г. 1 038 0
ШӨМІШКӨЛДЕН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМ

ШӨМІШКӨЛДЕН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМ

Сонау бір өткен заманда Шөмішкөл дейтін көл еді; Шөмішкөл дейтін жер еді; сол жер мен көлді тегін жайлаған жұртты Шөмішкөл ауылы дер еді. Ақын аға айтқандай, сол ауылда «мың өліп, мың тірілгендерден» қалған 34 үй бар еді. Күн-көсем атындағы колхоздың бір бөлімшесі болатын...
ТАҒЫЛЫМ 27 қараша 2017 г. 979 0
АУЫЛ АЛҒАШҚЫ МЕХАНИЗАТОРДЫ ҰМЫТПАСА ЕКЕН

АУЫЛ АЛҒАШҚЫ МЕХАНИЗАТОРДЫ ҰМЫТПАСА ЕКЕН

Қазіргі Ж.Маханбетов ауылының іргесі сонау 1929 жылы бірнеше серіктестіктен құрылды. Кейін серіктестіктер бірігіп, Киров атындағы кеңшарға айналды. Қала іргесіндегі шаруашылық көкөніс өсіргені, мұнда товарлы-сүт фермасы, 20 мыңға жуық қой, ірі қара болғаны қазір аңыз секілді. Елді басқарған Төлеген Дәуітбаев, Төлек Сыздықов, Шамахан Құндызбаев, Бабаш Жөкеновтер елді көркейтуге бір адамдай үлес қосқанын қазіргі көнекөздер аузынан тастамай отырады. Ел мерейін көтерген Ленин орденді механизатор Петр Тілепбаев, Ұзақ Боздақтаев, қой фермасын басқарған Теңбеш Ақ­мыр­заева, Кенжебек Әуезов, бақташы Хамитбек Манабаев, Сейітқали Байқадамов есімдері ел есінде. «Ер  есімі – ел есінде» демекші, дүниеден өткендерді құрметтеу, ұлықтау көше беру үрдісі бұл ауылда үлгі аларлық десек артық емес.
ТАҒЫЛЫМ 27 қараша 2017 г. 678 0