Елбасының 2017 жылғы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы, қазақ халқының ұлттық жаңғыруын жаңа белестерге бағыттап ұлттың идеологиямыздың темірқазығы болып, бойға қуат, санамызға сенім беріп, халқымыздың ұлттық патриоттық рухын көтере түсуде. Біздер шығармашылық қауымның өкілдері Елбасының осы мақаладан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда, өңірде қабылданған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары оның тарихы мен мәдениетін бүгінгі заманның өмір талабына сай жаңғыртып, ізденіспен жұмыс жасауға міндеттіміз».
Қандай заман, қандай дәуір болмасын дүниедегі тіршілікті жасаушылар, оны өсіріп, өркендететіңінді бұзып, білідіретінде, жоюшыда адамдар. Сондықтан да табиғатында, қоғамның да баға жетпес құндылығы оның адамдары деуге болады. Өкінішке орай сол адамдар, осы бір адами құндылықтарды бағалай білген бе? – жоқ деп айтсақ қателеспейтін сияқтымыз. Тек қана соңғы жиырмасыншы ғасырдағы ғылым мен техниканың, мәдениетпен өркениеттің дамыған заманында болған Ресейдегі революциялық төңкеріс Екі дүниежүзілік соғыс. Дүниенің түрлі аймақтарындағы қақтығыстармен лаңкестіктер, басқада қолайсыз айтыс-тартыстар мен араздықтар қаншама миллиондаған адамдардың өмірін қиды, қайғы-қасірет әкелді. Бұл нәубаттарды қазақ ұлтыда, оның аға ұрпақтарында бастарынан кешіріп тауқыметін тартты. Мың өліп, мың тірілді. Оған тарих куә. Ұлтымыздың қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі бастарынан кешкен зұламат замандарды айтпағанда, өзіміз куәсі болып соғыс балалары атанған, сол жылдардың ауыртпалығын тартып ер жеттік. Бүгінгі аға буынның кезінде тоталитарлық Кеңестік заманда айтуға ауызымыз бармаған, ұстауға қолымыз жетпеген ұлттық құндылықтарымыз бен ел тарихы жаңа тұрғыда жазылып жатқан кезеңде олардың айтары да және жазатындары да баршылық. Еліміз үшін ең ауыр, қайғылы да – қасіретті жылдар Ұлы Отан Соғысы жылдары болды. Халқымыздың басына күн туған ер етікпен су кешіп, ат ауыздық пен су ішкен жылдары 18-25 жас аралығында қазақстандықтардан, олардың 85 пайызы қазақтардан жасақталған 100-ші, 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы Ұлтымыздың жасөспірім боздақтары еді. Осы екі ұлттық атқыштар бригадасы, орыстың қақаған қысында қару-жарақ пен киім, тамақтың тапшылығына қарамай, жаудың Мәскеуге тікелей шабуыл жасап келе жатқан сан және сапа жағынан басым «Орталық» тобына қарсы тұрып жан беріп, жан алысқан қанды шайқасқа түскен. Бригада құрамы үнемі қазақ жауынгерлерімен толықтырылып, бір қадам артқа шегінбей, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп соғысқан. Біздер соңғы жылдары ғана жариялық пен демократияның арқасында олардың ерліктері түрлі деңгейдегі баспасөздерден оқып естіп біле бастадық. Сол жылдар аралығында шайқастарда екі бригададан 20-мыңға жуық қазақ жауынгерлері Тверь облысының, Ржев-Вязьма «Марс» операциясы кезінде, Оленино-Белый аудандарын жаудан тарзартуда, Велике Луки, Неваль қаласын жаудан азат етуде опат болған. Тек қана соғыс тауқыметін ғасырлар бойы бастарынан өткізген, сол аймақтың патриот орыс азаматтарының із кесушілер тобы 10мың қазақ жауынгерлерін батпақты ормандардар арасынан аршып тауып Ржев қаласындағы Мемориалға есімдерін қашап жазғандары біздерді қуантады. Ал сол шама Отан үшін опат болған жауынгерлердің орыс орманының батпағында жатқаны қаншама? Осы жолдардың авторы ұзақ жылдардан бері 101-ші ДАБ-сының соғыстағы жорық жолдарына қалам тартып жүруіме байланысты, кезінде 101-ші бригаданың құрамында соғысқан, елге аман-сау оралған көзі тірі әке-ағаларымыздан естіген естеліктеріммен түрлі деңгейлердегі бұрынғы тілмен айтқанда әскери комиссарияттармен РФ Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағатынан қайта-қайта сұрау салып 101-ші бригаданың құрамында шайқасқан, қаза тапқан, хабарсыз кеткен, елге оралған барлығы 7940 жауынгердің тізімін алуға қолжеткіздім. Олардың жеке есімдері, қаза болған, жерленген күндері жылдары электронды почтамда сақталуда. 101-ші ДАБ-нің жарық жолдары жәйлі баспа сөздер беттерінде жарияланған өзімде сақталып келген Лениншіл жас газетінің 10 сәуір 1965 жылғы №64 сәуіріндегі Ақтөбелік 101-ші бригаданың жауынгері Қалыш Асқаровтың қанды көйлек қарулы 2 батальонның командирі жау жүрек батыр жаынгер Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының тумасы Темірбек Табынбаев туралы жазған. «Танкі мен адам» атты мақаласын оқырмандарға ұсынуды жөн көрдім. Халықтың басына екі талай күн туған шақта қар төсеніп, мұз жастана жүріп соғысқан сәттер, адам көңілінде тасқа басқандай болып сақталып қалады екен деп соғыс ардагері сөзін жалғастырған. Ол күндердің шежірелері бүгінгі күнге дейін көз алдымда. Ақтөбе қаласындағы №6 мектепті бітіріп, 101-ші атқыштар бригадасының сабына қосылдым. Осындағы әскерге дайындықтан кейін батысқа тарттық. Майдан соғыс! Мен ол кезде неге екенін қайдам осы бір сөздің мағынасын көз алдыма елестете алмадым. Соғыс деген маған мүлде бейтаныс дүние болатын. Тек кейін келе ұрыс шебіне енген кезде ғана соғыстың доп ойыны емес екеніне көзім жетті. Велике Луки қаласының маңы. Біздің қатарымыз күн санап қомақтана бастады. Қазақстаннан жаңа күштер комсамолецтер толықтыра түсті. Солардың ішінде Нұрмат Мырзатаев, Әбдіғали Әміров, Нұри Алиев және Оразалиев, Серғазин сияқты таңдаулы жастар көп болды. Мен өзім туралы көп нәрсе айта алмаймын. Қатардағы жауынгер болып, азаматтық борышымды өтедім. Не бір жан беріп, жан алысқан шайқастарға қатыстым. Тірі қалдым елге оралдым. Бірақ тамшы жиналып теңіз болады дегендей біздің жігіттерді ажал оғынан арпалысып ерлік көрсетті. Күні бүгінге дейін Темірбек Табынбаевтың жарқын тұлғасы көз алдымнан кетпейді. Ол Ұлы Отан Соғысына дейін қазақ радиосында әуелі диктор, кейін председательдің орынбасары болып жұмыс істеген. Әй өзі бір жігіттің гүлі еді ау. Темірбек Қақпақ жауырынды апайтөс алып жігіт болатын.
Біз осы әзіл шыны аралас «Багратион» деп айтатынбыз. Шынында да оның тұлғасында дене бітімінде Баритонға ептеп ұқсайтын қасиеттері де жоқ еместі. Ол ақжарқын бауырымен бейпіл сөздерді білмейтін турашыл жігіт еді. Біз соңысына қатты қадір тұтатын едік. Темірбектің бір қасиеті сол ол қысылтояқ сәттерде әбіржіп тарығуды білген емес. Мен оны соңғы рет Великие Луки қаласының маңындағы Мишукова саласы үшін болған ұрыста шабуылға шығар алдында көрдім. Ол өзін әдеттегідей сабырлы күйде ұстады. 1942 жылдың қыс айы болатын, немістер соңғы үш күннен бері осы Мишукова селосына ірге теуіп бекініп алған. Селоның алдында алқымы кең үлкен сай бар. Біз сол сайдың құлама бауырындамыз. Сәл бас көтерсек болды жау жағы пулеметпен оқ боратып, алдымызды орай береді. Бел алдырар емес. Немістерді тура шабуылмен ала алмай күшіміз азайғандай болды. Енді не істеу керек? Осы бір сауалдың жауабын бәрімізді де қатты толғандырды. – Жолдас командир рұқсат етіңіз! Асылы немістерге ту сыртынан төп бермей болмас, сонда олардың күштері екіге бөлінеді. Рұқсат етіңіз жауынгерлерді мен бастап барайын деді. Оның бұл ұсынысына бригада командирі қарсы болған жоқ, бірақ айтқан: - Барынша сақ болыңдар, алдарың мидай жазық қой. Мұндайда батылдың емес, ептілік ұтады. Сол күні түнде көз байлана Темірбек өзінің атқыштар ботальонын бастап немістердің ту сыртынан тиісті. Түн түнге тіреліп аспан асты айқыш-ұйқыш болды да қалды. Ажал оғы қара барқыт түнде тілігілеп сумандап жүр. Міне енді біздің де бас көтеруге мүмкіндік туды. Жау бекінісіне лап қойдық. Ұрыс қызы-қыза найзаның ұшымен мылтықтың дүміне көштік. Таң сәріде жау қолынан селоны азат еттік. Күн көтеріле Темірбекті майдан даласынан таптық. Ол ең соңғы гранатымен жау таңкісінің астына түсіпті. Темірбек басқарған екінші атқыштар ботальоны жаудың елу шақты солдаттарын сегіз танкісін жайратыпты. Біз Темірбектің қалтасынан оқ тесіп қанға бөккен коммунистік билеттің тауып саяси бөлімге тапсырдық. Иә, біздің Темірбек осындай жігіт еді. Ол ерлік өлім мен қаза тапты. Өз Отанын бостандық пен азаттығы үшін алысқан ардагер ағаның абзал тұлғасы, жарқын бейнесі күні бүгінге дейін көз алдымда. Оның ерлік жолы кейінгі жастарға үлгі болатынына еш күмән келтіруге болмайды деп мақаласын аяқтады. Бұл тек бір ғана 101-ші бригаданың жауынгерлердің ерлігі болғанымен, соғыс барысында қазақ жауынгерімен құрамы үнемі толықтырылып, штат бойынша жеті мыңнан аса жауынгерлерден жасақталған 101-ші Ұлттық дербес атқыштар бригадасы кеңестер одағының қарулы күштерінің тарихында қалған еді. Мақаланың ер жүрек батыр кейіпкері Қызылорда облысының, Тереңөзек ауданының тумасы, қызмет бағында Алматыда болып, сол жақтан әскерге шақырылып, 101-ші бригада құрамында ботальон командирі болып қол бастаған азамат. Өңірде Темірбек Табынбаевты білетін тума-туыстары бар шығар деймін.
Рысбай Кәрімов.
Қазақстанның Журналистер Одағының мүшесі.