Адамзат тарихындағы әділетсіздік пен қиянаттың құқайын бастан кешкен әулетте өмірге келіп, өзінің қанға сіңген қайсарлығымен ғұмыр кешкен ұлағатты ұстаз, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Зағипа Қарақызы 2019 жылдың 29 қаңтар күні 88 жасында дүниеден өтті. Ол Алаш арысы, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, түркі жұртының білімі мен мәдениетіне орасан зор үлес қосқан қайраткер Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туған қарындасы болатын.
ТАҒЫЛЫМ
07 ақпан 2019 г.
802
0
Бір атаның баласындай, қазақы салт-дәстүрлері бұзылмаған, бірін-бірі қолдап, өмір кешкен шағын ауыл адамдарының сол замандағы тұрмыс-тіршілігі қиыншылықтарын қалай бірге көтеріскені осы кезде аяушылықпен еске оралады. Ал, соғыс басталған кезде дүниеге келіп, соғыстан кейінгі өскен жастардың көрген ауыртпашылығы мен бейнетін айтып жеткізе де, оған ешкімді сендіре де алмайсың. Оны тек сол кезді басынан өткізген адамдар ғана жете сезінеді.
ТАҒЫЛЫМ
07 ақпан 2019 г.
1 456
0
«2019 жылғы 15 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 30 жыл толады»
ТАҒЫЛЫМ
04 ақпан 2019 г.
832
0
«Ұлықтардың басқан әрбір ізінде бір медресе жатқандай» деп Абай атамыз айтқан екен. Қайсыбір заманда қара қылды қақ жарарлық турашылдығымен де, қара сөзге қаймақ тұрғызар шешендігімен де, көш бастар көсемдігімен де алты Алашты аузына қаратқан данагөйлеріміз бен ұлықтарымыз аз болмаған ғой. Кейінгі ұрпақ соларға қарап бой түзеп, сол кісілерге қалайда ұқсап бағуға барынша күш салған. Сондай тектілерден қалған абыз ақсақал, тумысы бөлек тұлға, қайталанбас қаржыгер болған Биекең – Бименді Баймаханов ағамыз десек, асыра айтқандығымыз болмас. Ол кісі туралы естігендеріміз, көргендеріміз бен көңілге түйгендерімізді талғам таразысына салар болсақ, туа бітті тектілігіне, қарапайым қалпымен ақ жолдан адаспай жүріп, кішіліктің өзін ұлылық еткен айтулы азаматтығына қайран қаласың.
ТАҒЫЛЫМ
02 ақпан 2019 г.
1 781
0
Біз елдің есінен кетпейтін бүкіл әлемді бүліншілікке ұшыратып, ой- қырды ойрандаған Ұлы Отан соғысының зардабын тартқан ұрпақ болдық. Сырдария ауданының «Керкелмес» деген №15 разъезінде әкем Дүйсеман мен апам Ырыскүлдің кіші қызы болдым. Үлкен ұлы майданда қаза тауыпты. 1935 жылы туған Тәшкенбай ағамыз екеуміз өстік. Ел қатарлы ауылдағы орысша-қазақша мектепте оқыдық. Кәмпеске, ашаршылық көрген, үлкен баласынан айырылған қарт әке-шешем жақсы тәрбие берді, өсірді, оқытты, ешкімнен кем болғаным жоқ.
ТАҒЫЛЫМ
22 қаңтар 2019 г.
808
0
Ол кезде туған жерден қиырдағы Германияда әскери борышын өтегелі жылдан асқан еді. Ауыл мен ағайын-туыс, теміржолдың бойындағы шағын бекет – Диірментөбе сағындырмай қоймайды. Бірақ, әскери борышты өтеу, елі мен ата-ананың атына кір келтірмеу – әрбір жігіттің намысына сын болатын. Ташкент теміржол институтын бітіріп, теміржол құрылысының инженері мамандығын алып шыққан Мусиф Жарылқасынов Кеңес армиясының Германиядағы бөлімі – Потсдам қаласындағы артиллерия полкында қызметін бастаған.
ТАҒЫЛЫМ
22 қаңтар 2019 г.
2 002
0
Мал баққан қазақты атакәсібінен айырып жан бақтырған кеңестік нәубет ашаршылыққа ұласты. Сол заманда Шиелі ауданындағы Жуантөбе ауылының да біраз жұрты Қызылқұм арқылы жоғары жаққа қарай ауа көшті. Осы бір ұзақ, азапты жолда 1922 жылы дүниеге келген алты жасар Пазылхан да бар еді. «Адасқанның алды жөн», көшкіндердің айналасы толған жау. Кез келген уақытта қызыл өкіметтің шабармандары қуып жетіп, тас-талқан етіп кете алатын. Бейнетке белшеден малынып келе жатқандарды торуылдап, ұрмай-соқпай құтыдағы суларын сарқып, бес-он малын айдап кететін ұры-қарылар да қабаттасып жүр. Кейбір кісілер шөлден көзі аларып, жолда жан тапсырды. Бұл – айтқанға ұзақ хикаят.
ТАҒЫЛЫМ
20 қаңтар 2019 г.
689
0
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегі жалпыхалықтық сипат алған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы болуымен құнды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы біздің ата-бабаларымыздың тарихын зерттеп, олардың еңбектері әлемдік деңгейдегі тұлғалардан еш кем болмағандығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Елбасы мақаласындағы тапсырма тарихшылардың, елдің көзі ашық азаматтарының ізденістерін, осындай тұлғаларды тануға, олардың тарихтағы орнын анықтауға бағыттайды. Мұның барлығы болашақ жастар үшін керек. Өйткені, Алтайдан-Атырауға созылып жатқан ұланғайыр даламызды біз қалай сақтап қалдық? Сол батыр, би бабаларымыздың ерлігінің арқасында осынша алып жерді иелендік.
ТАҒЫЛЫМ
04 қаңтар 2019 г.
602
0
Қай заманда да билік айтып, дау шешу, төрелік жүргізу, әділдікті орнатып, қара қылды қақ жарып, тура сөйлеу оңай болмаған.
ТАҒЫЛЫМ
03 қаңтар 2019 г.
1 436
0
Қала іргесіндегі Белкөл маңына жақын құмы суырылып жатқан «Кекірелі», «Шәйкөл» аумағындағы мың гектар жерге мыңғыртып мал ұстап, жайқалтып егін салған Жәдігер Орақбаевтың есімін бұрыннан да білетінбіз.Ол – Сыр өңірінде кәсіпкерлікке алғаш бет бұрған азаматтардың бірі. Арал, Сырдария аудандарының құрметті азаматы.Алайда, кез келген адамның жан сырына көкірек көзін салмай оны басқа біреудің білемін дегені бекершілік. Біз де Жәкеңді жақыннан білуге ниет жасап көрдік.
ТАҒЫЛЫМ
03 қаңтар 2019 г.
2 695
0