Жастай көрген майданды

«Неменеге жетістің, бала батыр?» деп басталатын ақиық ақын Мұқағалидың өлеңі есіме түсіп отыр. Облыс орталығына таяқ тастам жердегі Сырдария ауданы бойынша қан майданның бел ортасында жауға оқ атып, ел үшін күрескен бар-жоғы екі ардагер ғана қалыпты. Бірі – Яхия Тасыров, екіншісі – біздің бүгінгі кейіпкеріміз Махамбет Бержанов. 
ТАҒЫЛЫМ 08 мамыр 2019 г. 523 0

«Қызыл Жұлдызды» жауынгер

Фашистік Германия тұтатқан екін­ші дүниежүзілік соғыс өткен ға­сыр­дың ең қаралы кезеңі екені тарихтан мәлім. Сол тұста Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат майданға ат­танса, олардың 6 мыңнан астамы ғана елге оралған. Қазіргі таңда ара­мызда жүрген саусақпен санар­лық­тай май­дан­герлердің қата­рында Бек­арыстан би ауылының қарт тұрғыны Қабақ Смағұл да бар.  
ТАҒЫЛЫМ 08 мамыр 2019 г. 500 0

Отан соғысының отты жылдарында

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысынан әскер қатарына  және тыл жұмыстарына мобилизацияланғандар туралы әлі күнге  дейін толық зерттелмеген. Кейбір зерттеулерде соғыс кезінде Орта Азия мен Қазақстаннан халықтың 18 процентінің әскерге немесе тыл жұмыстарына алынғаны жазылады. Ал біздің қолымыздағы нақты мәліметтер Қазақстаннан,  Сыр  өнірінен  әскерге  ия тұрғылықты жерінен тыс жерлерде орналасқан өндіріс орындарына халықтың  34  проценті алынғандығын айғақтайды. 1939 жылғы  ресми санақ  мәліметтері  бойынша  Қызылорда  облысында  328 067  тұрғын  болған екен, алайда демограф М.Тольцтің зерттеулеріне сүйенсек, осы санақ көрсеткіштері Қазақстан бойынша 12,94 процентке көтермеленіп берілген. Осыған сәйкес, сол жылы өңірде  290 479  тұрғын  болғанын  анықтаймыз. Осыны негізге  алайық.
ТАҒЫЛЫМ 08 мамыр 2019 г. 805 0
Оразбек

Оразбек

Өткен ғасырдың 80-жыл­да­рының орта тұсында облыстық «Ленин жолы» газетінде ал­ғашқы қадамдарын бастаған бір қауым жастардың жолы бол­ды. Жастықтың желі­гі­мен желпініп жүргендер үшін барлығы қызық, барлығы таң­­сық. Кеңес дүниесінің 70 жыл тарихында бірінші рет іс жүзінде жүзеге аса бастаған демократия, жариялылық ұғым­дары құлаққа жағымды естіледі. Елде серпіліс. Бұрынғы түсінік көмескі тарта бастады. Сол жылдары «Ленин жолында» бір вакансия пайда болса, жан-жақтан қаумалап оншақты журналист сайысқа түседі. Бәсеке күшті, талап одан да зор. Айналасы бірлі-жарым жыл ішінде газеттің құрамы жастармен толықты. Қази Данабаев, Оразбек, Несібелі, Сәрсенкүл, Жолтай және мен...
ТАҒЫЛЫМ 03 мамыр 2019 г. 1 319 0
Майдангер

Майдангер

Ауладағы жайқалған өріктің жанындағы орындыққа жайғаса бергенде алысқа көз тастап, не сұрайтынымызды топшылағандай болды. Азапты жылдардың көрінісі көз алдына келген болар, жанарына жас іркілді. Иә, қан майдандағы алапат соғыстың бел ортасында ел қорғауға аттанған сарбаздар қатарында болған Яхия Тасыров бүгінде баталы қарияға айналды. Сырдария ауданының жұртшылығына танымал ақсақалдың шаңырағына барып, аз-кем сұхбаттасып қайтқан едік.
ТАҒЫЛЫМ 03 мамыр 2019 г. 728 0
Таңдаулы тарихшы

Таңдаулы тарихшы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» – деп, XXI ғасырдағы білімнің алатын орнына айрықша тоқталған болатын.
ТАҒЫЛЫМ 30 сәуір 2019 г. 1 959 0
Еліне еңбегімен  еленген

Еліне еңбегімен еленген

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»  деуі тегін болмаса керек. Еліне еңбегімен танылған сондай азаматтың бірі – Мәжит Сағидатов.
ТАҒЫЛЫМ 30 сәуір 2019 г. 594 0
Отан үшін от кешкен

Отан үшін от кешкен

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні – тарихтың жарқын беті. Миллиондаған жауынгердің өзі түгіл хатына зарықтырған,  сұрапыл соғыс 1418 күн мен түнге созылған. Осы уақытта Кеңес армиясының қатарына 1 миллион 800 мың қазақстандық шақырылыпты. Қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, қызылордалық жауынгерлер де үн қосты. Сол ержүрек азаматтардың бірі – Әлібай Әбенов. 
ТАҒЫЛЫМ 30 сәуір 2019 г. 563 0
Ортамыздың    шырағы еді

Ортамыздың шырағы еді

Замандасымыз, досымыз Рүс­тем Жанай туралы есте қалғандар­ды қағаз бетіне түсіру жөнінде ұсы­ныс түскенде қиналып қалдым, оның себебі Рүстем мен айтпай-ақ, жазбай-ақ, Сыр бойына, бүкіл рес­публикаға белгілі азамат. Өзінің бүкіл өмірімен елге  жасаған ең­бегімен, шығармашылық қыз­ме­тімен, халыққа деген қамқор­лығымен, достыққа берікті­гімен, ағайынға, әулетке жанашырлы­ғымен абыройға бөленген жан. 
ТАҒЫЛЫМ 25 сәуір 2019 г. 1 002 0
МАЙДАНГЕР ҰСТАЗ

МАЙДАНГЕР ҰСТАЗ

Өмір – өзен. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер кезекпенен өлінер, бұрынғыдай көрінер» – деп хакім Абай айтқандай, осы ағыста әр адамның өз толқынымен өмір сүріп, артына өнегелі істермен саналы ұрпақ қалдыруы арқылы ұрпақ сабақтастығын жалғастыруы табиғаттың бұлжымас заңды құбылысы екендігі белгілі.
ТАҒЫЛЫМ 21 сәуір 2019 г. 526 0