«Көп жасаудың құпиясы неде?» деген сауал көбімізді мазалайтыны рас. Оған әркім әртүрлі топшылау жасап жатады. Мысалы, Жапон елінде жалпы халықтың 20 проценті жүзден аса жасайды екен. Әлбетте, бұған ең біріншіден, ауа райының қолайлылығы, екіншіден, адамның салауатты өмір сүру дағдысы, содан соң, әлеуметтік-тұрмыстық мәселенің түбегейлі шешілгені себеп болса керек. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның ұзақ өмір сүруіне алғашқы екі фактор тікелей әсер етеді.
ТАҒЫЛЫМ
26 наурыз 2019 г.
886
0
Біз тілге тиек етіп отырған бұл екі кісі әз Наурыз айында дүние есігін ашқан. Жылма-жыл Наурыз шапағатымен жылынып, ағайын-туыс арасында туған күндерін тойлап жатады. Жер-дүние жасанып, ағаштар бүр жарып, табиғат тіріле бастаған шақта бұлардың да тойы басталып жүре беретіні тағы бар. Талай-талай қуаныштарында болып, жүрекжарды тілек-сөздерімізді де айтқанбыз, айтып та келе жатырмыз.
ТАҒЫЛЫМ
26 наурыз 2019 г.
465
0
Кешегі кеңестік дәуірде газет-журналдар марксизм-ленинизммен қаруланып, цензура ұстанынымен тарады. Партияның сөзін ұшпаққа шығарып, коммунистік идеяны насихаттады. Баспасөздің бағы қазақ елі өз алдына дербес шаңырақ көтерген жылдардан соң ғана ашылды. Баспасөз арқылы жоғымызды түгендеп, рухымызды асқақтаттық, рухани жаңғырдық. Ұлыларымызды ұлықтадық, иманымызды бекіттік, дініміз бен ділімізді дәріптедік.
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2019 г.
2 060
0
«Халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» атанған газеттің қара қазанында қайнап шыңдалған Қален аға Әбдешов қариялық кезеңінде де қоғамдық жұмыстан шет қалмады. Мұны ол біреудің өтініші не қолқалауымен емес, жүрек қалауымен, өзінің ар-ожданымен атқара білді.
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2019 г.
1 639
0
Сырдың киелі топырағы өнер мен мәдениет, білім мен ғылым саласындағы талай қабырғалы қайраткерлерді түлетті. Бір қуанарлығы, осы перзенттердің барлығы елге адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп, сан салада көш бастап келеді. Солардың бірі ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сейфулла Әбдірайымов бүгінде 80 жасқа толып отыр.
ТАҒЫЛЫМ
16 наурыз 2019 г.
487
0
Бұл осыдан тура жетпіс жыл бұрын болған оқиға еді. Ол жөнінде қырық-елу жыл бұрынырақ белгілі журналист Шәкірат Дәрмағамбетов қалам тербегені есте. Ардагер журналист «Ержүрек ұшқыш» атты бұрын облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген бұл мақаланы «Арал арайы» атты очерктер жинағына да қосыпты. Біз қызылордалық ержүрек ұшқыш Хамит Қалиев туралы, оның ел-жұрт таңғалған ерлігі жайлы жоғарыдағы кітаптан оқып шығып толығырақ қаныққан болатынбыз.
ТАҒЫЛЫМ
16 наурыз 2019 г.
750
0
Есімі ғұлама, ишан, әулиелігімен ел арасына кеңінен танылған Қожаназар ишан Артықбайұлы өмірінде Меккеге үш мәрте қажылыққа барып, бірнеше жерден мешіт салдырған, шәкірт тәрбиелеп, Алланың ақ жолына шынайы берілген аса киелі жан болған.Әз баба ел игілігіне берген, Қожаназар ишан есімімен аталатын мешіт әлі күнге жамағатқа қызмет жасап келеді. Ишан атамның бейіті өзінің ата қонысы қазіргі Жанқожа батыр ауылының аумағында орналасқан. Бұл жырым әулие Қожаназар ишан атамның аруағына бағышталады. Ишан баба аруағы қолдасын!
ТАҒЫЛЫМ
16 наурыз 2019 г.
525
0
Кеңестік дәуірде «Батыр болып тумайды» кітабымен қалың оқырманға танылған жерлес жазушы Әлмембет Әлішев биыл өзінің сексенінші көктемін қарсы алып отыр.
ТАҒЫЛЫМ
15 наурыз 2019 г.
915
0
Сыр бойы – ежелден-ақ күрішімен танылып келген ырысты аймақ. Мұнда күріштен мол өнім жинау жөнінде дүниежүзілік рекорд туды. Күріш өсіру барысында тамаша дәстүрлер қалыптасты.Облыстың мемлекеттік архивінде сақталған жеке тектік қорлардың қатарында Социалистік Еңбек Ері, күрішші Балдырған Мұстафаеваның құжаттары сақтаулы.
ТАҒЫЛЫМ
07 наурыз 2019 г.
727
0
– Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын да құдіретті нәрсе – еңбек, – дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова. – Қимылсыз қарап отыру – өмірдің мәнін кетіреді. Ауыра бастайсың, басқалардың мазасын аласың. Бұл жақсы емес. Қолдан келгенінше тыным таппаймын. Былтырдан бері жас кезімде біраз серік еткен өнерімнің бірі – тігіншілікке қайта бой ұрдым. Құрақ көрпелер құрастырамын. Үйде түрлі маталардың қиындылары мен жыртыстары жиылып қалған екен, соларды біртіндеп кәдеге жаратудамын.
ТАҒЫЛЫМ
07 наурыз 2019 г.
673
0