Біздің таразымыз – көрермен талғамы

Біздің таразымыз – көрермен талғамы

Елдің рухани тұрғыда дамуы мен кемелденуіне мәдениет сала­сының  ықпалы айрықша. Өңірі­міздің барлық өнер ұжым­дары осы мәдениет ұғымы аясында бір мүддеге бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Тарих қойнауына енген ескі жылда ақжолтай жаңалықтың жаршысы болған біршама ілкімді істер жүзеге асты. Облыстық филармония ұжымы өңірдегі ауқымды мәдени шаралар мен іргелі бастамалардың бел орта­сында болып, руханият керуені­нің көшін бастады. Өнер ұжымының өткен жылдағы өмір ағымы, шығармашылық ізде­ніс­тері мен жемістері туралы об­лыстық филармония директоры Талғат Мақашовқа бірнеше сауал қойған едік.
Cұхбат 12 ақпан 2019 г. 1 262 0
ДӘНГЕ ДЕ БАЛАДАЙ БАП КЕРЕК

ДӘНГЕ ДЕ БАЛАДАЙ БАП КЕРЕК

Қашаннан күріш өсірумен аты шыққан Сыр елінде Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының алар орны ерекше. Бұл ғылыми орта Сыр маржанын өсіруге қатысты ондаған жылдар бойы зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді. Жақында институттың бас директоры болып Бахытжан Дүйсембеков тағайындалды. Ғылыми-зерттеу институтының өткен жылы атқарған жұмыстары туралы бұған дейін де газетімізде жеткілікті ақпарат берілгендіктен жаңа басшымен кездесу барысында алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жайында сөз қозғадық.
Cұхбат 10 ақпан 2019 г. 1 477 0
Жас ғалым: Мәскеу –  ерсілі-қарсылы қозғалыстың қайнаған қазаны

Жас ғалым: Мәскеу – ерсілі-қарсылы қозғалыстың қайнаған қазаны

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Ерлан Шынбергенов өткен күзде Ресей Федерациясы Қазан (Волга бойы) федералды университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 25.00.36 – Гоэкология мамандығы бойынша «Лена өзенінің су жинау алабындағы шағын өзендердің бассейндік геожүйелерін картографиялық-геоақпараттық талдау» («Картографо-геоинформационный анализ бассейновых геосистем малых рек водосбора реки Лены») тақырыбында география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын сәтті қорғады. Жас ғалыммен кездесудің сәті түсіп, ғылымдағы жетістіктері жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Cұхбат 01 ақпан 2019 г. 1 437 0
Мейірхан Ақдәулет: Біз өлеңді жазушы емес, жасаушыға айналдық

Мейірхан Ақдәулет: Біз өлеңді жазушы емес, жасаушыға айналдық

Мейірхан Ақдәулет – қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген қарымды қаламгер, публицист, қоғам қайраткері ретінде қалың оқырманға танымал. «Бейуақтағы мінәжат», «Жалғыз досым – жүрегім», «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Дәруішнама» жыр жинақтары өлеңсүйер қауымның өзегіне сәуле құйып, өзгеше әсерге бөлегені белгілі. Қазіргі қазақ және әлем әдебиетінің жай-күйін, оның сан қатпарлы тарихын білетін әрі осы сала төңірегіндегі кейбір түйткілді мәселелерді шешуге айрықша атсалысып жүрген ақынмен сұхбаттасып едік. Мархабат!
Cұхбат 31 қаңтар 2019 г. 686 0
Солтүстік аймақта оқу практикасын өткізудегі мақсат - сапалы маман даярлау

Солтүстік аймақта оқу практикасын өткізудегі мақсат - сапалы маман даярлау

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенттері жылдағы дәстүрмен Ақмола облысы, Щучинск қаласында шаңғы спорты бойынша оқу практикасынан оралды. Оқу практикасының Солтүстік өңірде өткізілу барысы туралы дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жандос Есіркеповпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 29 қаңтар 2019 г. 912 0
Аймақтың зерттелу ісіне саяси факторлар әсер еткен

Аймақтың зерттелу ісіне саяси факторлар әсер еткен

 Тарихымыз туралы түрлі дерек, сан алуан ақпарат пен болжам бар. «Елдің де, жердің де иесі менмін» деп нық айту үшін ұлан-ғайыр өлкенің сырын білу керек. Ал тарихты түгендеу  – археолог, тарихшының еншісіндегі жауапты іс. Біз бұл сұхбатта тарих ғылымдарының кандидаты, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеевпен Сыр өңірін тереңірек зерттеудің маңызы, Хорезм экспедициясы, Шірік-Рабаттың астана не жерлеу орны болғандығы туралы кеңінен сөз қозғадық.
Cұхбат 28 қаңтар 2019 г. 922 0

Жұмыс жаңашылдықпен жолға қойылған

Қылмыстық атқару жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі – бас бостандығынан айырылғандардың дұрыс жолға түсуін қамтамасыз ету. Бұл мәселеде арнайы контингент арасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың маңызы өте зор. Қателік жасап, жазасын өтеп жатқандармен тәрбие жұмысына келгенде ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде атқарылып жатқан істерді ерекше айтып өтуге болады. Мекемедегі жаңашылдықпен жолға қойылған жұмыс туралы мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Тілеумұратов Руслан Қуандықұлымен сұхбатттасқан едік.
Cұхбат 28 қаңтар 2019 г. 839 0
Еуропа лигасында өнер көрсетсек дейміз

Еуропа лигасында өнер көрсетсек дейміз

 Серік Досманбетов, "Қайсар" футбол клубының директоры: Спорт деген сиқыр әуелгі басы ауыл баласының асық ойнап, доп қуып асыр салған дәуренімен басталады. Уақыт өте келе делебені қыздырған дүбір бәсеңсіп, бірен-саран ғана қызығушылықпен спортты серік етеді. Бразилия секілді мектеп бағдарламасында бар футбол ойыны біздің елде бабында емес, арнайы секцияларда ғана серпінді қолға алынады. Ауыл баласы үшін секцияға келіп-кету, талаптану әлі әлді дей алмаймыз, ары-бері қатынас ауырлау тиеді. Соңғы кезде «Қайсар» футбол клубынан ауыл-ауданнан қосылған жастардың төбесін байқап қаламыз. Соған қарап ілуде біреу болса да, доп шабандоздары ның әділ іріктеліп жатқаны рас екен-ау деп ойлаймыз. Біздің өткен-кеткен тарихты тірілтіп, футбол клубының директоры Серік Досмамбетовпен ашық-жарқын әңгіме құруымыздың себебі де осы еді. Өйткені бұқаралық сипаты жоғары бұл спортқа жеткіншектен жасамысқа дейін жанкүйер болып жүр, олардың көкейіндегі сұрақты біз қойып отырмыз.– Серік Құттыбайұлы, қазақта «елу жылда ел жаңа» деген бар. Бұл орайда жарты ғасырлық "Қайсардың" шежіресін назарға алсақ, өткен мен бүгіннің аражігін жіктеп көрсек?
Cұхбат 18 қаңтар 2019 г. 645 0
ҚЫЛ ІШЕКТЕ ҚҰБЫЛҒАН ТЫЛСЫМ ӘЛЕМ

ҚЫЛ ІШЕКТЕ ҚҰБЫЛҒАН ТЫЛСЫМ ӘЛЕМ

– Мақсат Бұрханұлы, өткен ғасырдың елуінші жылдары фольклоршы Мардан Байділдаев пен жазушы Ахат Жанаев ағамыз атақты Нышан қобызшыға барып, «Мына қобызды Алматыдан әкеліп отырмыз. Бізге Қорқыттың күйлерін тартып бересіз бе?» – деп өтініш жасапты. Өйткені  ақсақалдың қобыз ұстамағанына көп уақыт өтсе керек.
Cұхбат 14 қаңтар 2019 г. 1 229 0
Қазақстан жақсы мемлекет екеніне кәміл сенімдімін

Қазақстан жақсы мемлекет екеніне кәміл сенімдімін

 Өткен маусымда үздік бестікке енген "Қайсар" футбол клубы жаңа маусымға жаттығуын ширақ бастады. Түркияның Анталия қаласында дайындығын пысықтап жүрген клубтың қатары тағы бір ойыншымен толықты. Осыған дейін Еуропаның белді клубтарында доп тепкен Джон Джошуа қызылордалық командамен бір жылдық келісім шарт жасасты. Қатарға қосылған арубалық аяқдопшы клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.
Cұхбат 11 қаңтар 2019 г. 1 199 0