Жұмыс жаңашылдықпен жолға қойылған

Қылмыстық атқару жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі – бас бостандығынан айырылғандардың дұрыс жолға түсуін қамтамасыз ету. Бұл мәселеде арнайы контингент арасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың маңызы өте зор. Қателік жасап, жазасын өтеп жатқандармен тәрбие жұмысына келгенде ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде атқарылып жатқан істерді ерекше айтып өтуге болады. Мекемедегі жаңашылдықпен жолға қойылған жұмыс туралы мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Тілеумұратов Руслан Қуандықұлымен сұхбатттасқан едік.

 

- Руслан Қуандықұлы, ең бірінші мекемеде өткен 2018 жылы арнайы контингент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға  қысқаша тоқталсақ.
- Арнайы контингент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі мемлекеттік мекемесінде ҚР ІІМ 13.08.2014 жылғы №508 санды бұйрығымен бекітілген «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасына» (бұдан әрі Қағида) сәйкес арнайы контингентті психологиялық сүйемелдеу жұмыстары бойынша  ЗК-169/1 мекемесінде арнайы контингент арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психология қызметі бойынша штаттық кестеге сәйкес 2 психолог мамандары қарастырылған. Оның ішінде 1 психолог аға инспектор есебінде 1 еркін жалдамалы мекеме маман психологы қызмет атқарады. Мекемеде психологиялық босаңсу бөлмесі жабдықталған. Мекемеге келген күннен бастап арнайы контингентті психологтар жеке қабылдап, әңгіме сұхбат барысында психологиялық көмек және «Ақ сұңқар» психодиагностикалық кешенді аппаратпен зерделеу жұмыстары жүргізіледі. «Майнд машина» аудиовизуалды стимуляторы  қазіргі уақытта айыпталушылармен сотталған азаматтарға психологиялық босаңсу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.Жеке тұлғаның психологиялық денсаулығын айтып, қазіргі кезде адамдардың психологиялық денсаулығының төмендігін айтып, адам өміріндегі психологтың алатын орны,отбасы құндылығы жайлыда мағлұматтар және психологиялық денсаулықтың төмендеуі адамдардың еңбек етпеуінен туындайды.Өз-өзіне қол жұмсауға бейімді ретінде профилактикалық есепте тұратын сотталғандармен және тергеудегілермен іс –шаралар жеке қабылдау арқылы жүргізілуде. Психологиялық қызметі өзіне-өзі қол жұмсауға бейім және тағы басқа теріс бағытты сотталғандар мен тергеудегілерді есепке алып, олармен методикалық әдістемелер қолданып бірқатар іс-шаралар атқарылды.
- Психологиялық тәрбие бойынша жергілікті түрлі органдармен бірлесіп жұмыс жасау жолға қойылған екен. Тиісті ұйымдармен бірнеше меморандумдарға да қол қойылыпты. Бұл тың  жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр ма?
Психологиялық тәрбие бойынша әр-түрлі бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жасалып жатыр. Мысалға дене тәрбиесі бойынша Спорт басқармасымен бірлескен жоспарымыз бар, әртүрлі спорттық шаралар өткіземіз.Эстетикалық тәрбиеге байланысты мәдениет басқармасымен, Сонымен қатар ҚАЖ департаменті мен «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «педагогика-психология» кафедрасының ұстаздарымен арасында өзара келісім және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылып, осы меморандум негізінде психолог мұғалімдері қатыстырылып сотталғандар арасында семинар тренингтер жүргізіліп өзара пікір алысуда. ҚР «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 13 тамыз №508 бұйрығының бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу    қағидасына сүйеніп, мекеменің арнайы контингент арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу бойынша бөлімінің психологтары ҚР «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорымен бірлесіп, шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандарға «Болашақ белестері» тақырыбында тренинг,жаттығулар жүргізілді.»Менің отбасым», «Бостандықтағы өмірге деген сенімділік»,»Менің болашағым»,»Адамгершілік, жақсылық жасау», «Бостандыққа шыққаннан кейінгі менің өмірім»,«Парасат» тақырыбында творчествалық іс-шаралар жүргізілді.ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеуші және айыпталушылар мен күдіктілер арасындағы қасақана құқық бұзушылықтар,дене жарақатын салу және өз-өзіне қол жұмсаудың алдыналу мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған өзара әрекет ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша әр қызметтен жауапты адамдардың жұмыс қортындыларын аппараттық немесе жедел кеңестерде кезек-кезекпен (кесте бойынша) қарастыру және ден қоюдың тиісті шараларын қабылдауы бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда жыл басынан мекеменің профилактикалық есебіне қойылған сотталғандармен айыпталушылар  контингент арасында мінезінде ашуланщақтық,мекеме қызметкерлерімен жанжалдасуға бейімділіктері айқындалған жағдайда оларды үнемі жеке қабылдап, психологиялық диагностика жүргізіліп нәтижесінде өзіне-өзі қол жұмсауға бейім ретінде анықталған тұлғаларды 1 тәуліктен кешіктірілмей мекеме комиссиясында қаралып,профилактикалық есепке алынуда.Мекеменің профилактикалық есебінде тұрған арнайы контингенттерді мекеме маман психологы күнделікті жеке қабылдап,күйзеліс кезінде эмоционалды жарақат алған тұлғаларға психокоррекция және психопрофилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.Үнемі тәрбие жұмысы және психологиялық тұрғыда психодиагностикалық жұмыстар жүргізілуде.Психологиялық қызметі өзіне-өзі қол жұмсауға бейім және тағы басқа теріс бағытта сотталғандар мен тергеудегілерді есепке алып, олармен методикалық әдістемелер қолданып бірқатар ісшаралар атқарылады. Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғалардың туған-туыстарымен мекемеде әр бөлім қызметкерлері сұхбаттасып жеке кеңестер беріліп отырады. Облыстық психоневрологиялық ауруханасының психолог мамандары,облыстық жастар денсаулық орталығының, Облыстық наркологиялық орталығының «арылу» қоғамының мамандары психологы және волонтерлерімен «нашақорлыққа бейім азаматтардың онымен күресу және айығу жолдары» атты психологиялық тренинг семинары өткізілді.Сотталғандардың психологиялық құзыреттілігін арттыру бойынша олардың ақыл-ой өрістік деңгейін анықтау мақсатында бірқатар М.Люшер тестісі, Розен Цвейк әдістемесі сияқты психологиялық тест тапсырмалары берілді. Дене тәрбиесі бойынша Спорт басқармасымен бірлескен жоспар бойынша көптеген спорттық шаралар;гир көтеру, футбол, шахмат,турник тартылу.Алда 2019 жылда арнайы контингент арасында әлеуметтік-психологиялық жұмыстар ұйымдастырылып,  жоспар бойынша жұмыстар атқарылады. ҚАЖД ЗК-169/1 меемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдарын мерекелеумен байланысты іс-шаралар өткізілді. «Ашық есік күндері»  2 рет ұйымдастырылды, оларға сотталғандардың 42 (54) туысқанының қатысуымен өткізілді.Тәрбиелік маңыздағы 75(71) рет, 18 (17)  жалпы мәдени, 57 (54) спорттық (концерттер, квн-дар,, викториналар,жалпы білім беру мағнадағы және т.б.) іс-шара өткізілді.Тәрбиелік маңыздағы іс-шараларға белсене қатысқан сотталғандарға мекемеде 66  рет  (94) сотталғандар марапатталды.
Талдау көрсеткендей  оң мінез-құлықты сотталғандардың үлес салмағы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген.Сотталғандар мен тергеу қамауындағылар арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегіне жол берілген жоқ.
- Сіз айтып  өткен жұмыстар  өзінің  оң нәтижесін беріп жатқаны көрініп тұр. Ал, биылғы жылға арналған жоспарларыңыз  қандай?
Мекемедегі оқшауланған аймақтағы жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарды үнемі жеке қабылдап, психокоррекция және психодиагностика жүргізу.ҚМУ-нің психология кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп шаруашылық бөлімінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға семинар тренинг өткізу.

ЗК-169/1 мекемесіне жаңадан келген айыпталушылар мен сотталғандарды жеке қабылдап, психологиялық көмек көрсету.Сонымен қатар психоэмоционалды сергіту ұйымдастыру.

Қорқытата университеті оқытушыларымен бірлесіп меморандумға сәйкес семинар ұйымдастыру.

Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуге арналған бөлмелердің, өзге де ғимараттардың (психологиялық релаксация бөлмелері, спорт алаңдары, кітапханалар, теологиялық оңалту бөлмелері және т.б) материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға шаралар қабылдау.

Сотталғандар арасында оң мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында тәрбиелік іс-шаралар жүйелі түрде өткізу,сотталғандардың туыстарын қатыстыру арқылы «Ашық есік» күндерін өткізу.«Ақсұңқар» психодиагностикалық кешенін бағдарламалық жаңғырту қамтамасыз ету.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет.

                                                                                                                                                     

                                                                                                Сұхбаттасқан: А.Битаева

Cұхбат 28 қаңтар 2019 г. 839 0