Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қызылордалық студенттермен кездесті. Мәскеу мен Петербордың маңдайалды университеттеріне оқуға аттанған 60-тан астам студенттің алғашқы легі алдағы жылы қолдарына диплом алмақ. Арманшыл жастардың қиялына қанат бітіріп, қолдау көрсеткен аймақ басшысының қамқорлығына жастар да, ата-аналар да дән риза. Олардың еңбек нарығының сұранысына сай техникалық мамандықтарды игеруі өздерінің де, елдің де игілігі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
593
0
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, халықтың тұрғын үй мәселесін түпкілікті шешкен бірде-бір мемлекет жоқ. Ал Қазақстанда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданып, аталған мәселені шешуде кешенді шаралар қолға алынып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
613
0
“Ізденген жетер мұратқа”. Бұл әйгілі Испан елінде өз ісін ашып, мақсатына қол созған Гүлжан Нақыповаға қатысты айтылған дүние. Бүгінде қаракөз қыздарыңыз жырақта жүріп, біліктілігін дәлелдеуде. Биікке құлаш ұрып, жұрт сүйсінер жетістіктерге жетуде. Өйткені мектеп бітірісімен Алматыдағы Қазақ-Америкалық университетіне оқуға түскен Гүлжанның болашаққа деген жоспары нық болды. Ол университет қабырғасында жүріп, әйгілі “Sony” корпорациясында жұмыс істеді. Бала кезгі қиялға ерік беріп, теледидардан көрген, миллиондаған туристті құшағына сыйдырған Испанияға аттануды ойдан шығармады. Уақыт өте келе қайтпас қайсар қыздың бұл арманы шындыққа айналды да. Қазір оның “Education best” атты компаниясы шетелде оқуды ғана емес, халықаралық іс-тәжірибелерден өтуге септесуде. Осы мысалға қарап-ақ, “Кеудеңде ыстық қан барда, боларды да, болмасты болады деп арманда!” деген өлең жолдары ойға оралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
936
0
“Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін” деп жырлайтын Мағжан ақын дүниеге келген қасиетті өлкеге алғаш рет табан тіреген сәтім еді. Айналасы жасыл желекке толы, табиғаттың сұлулығына көз тоятын бұл аймаққа қоныс аударуға бірден шешім қабылдауға қорқасоқтап, көңілге күдік ұялаған. “Мың қайғыны бір тәуекел бұзады” демекші, біздің отбасымызды алға жетелеген осы тәуекел болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
903
0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
781
0
Салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту сынды келелі 3 міндеттің түпкілікті шешімі – жергілікті жерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Кеше осыған байланысты өткен мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәселенің жай-жапсарына кеңінен тоқталды.Биыл өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы дайындалды. Үкіметтік және өңірлік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Жыл басында өмірге келген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында» жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кәсіп ашуына мүмкіндік көзделген. Оларға шағын несие беру мақсатында 2 млрд теңгеден астам қаржы қаралды. Микробизнес субъектілерінің жеңілдетілген несие қаражатын алуы үшін облыстық бюджеттен өңірлік инвестиция орталығына қосымша 100 млн теңге бөлінді. Одан бөлек, сапалы оқытуды ұйымдастыру мен жастар тәжірибесін қолдауға 1,6 млрд теңге бағытталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
465
0
Бір күні жұмыс бөлмеме екі қыз келді. Бұйымтайларының шет жағасын айтқан қыздардың атын сұрадым. Біріншісі өзін Адила деп, екіншісі Бопа деп таныстырды. Мен екінші қыздың атына ойланып қалдым.– Бопа ма, Бота ма?– Бопа.– Мүмкін Бопай шығар.– Төлқұжатымда Бопа деп жазылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
1 309
0
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысы туралы есеп берілді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 тамыз 2017 г.
527
0
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы «Құрыш тұлға» атты жаңа тарихи-танымдық кітап көпшілікке таныстырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 тамыз 2017 г.
739
0
Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 тамыз 2017 г.
470
0