Үкімет басшысы «Рухани жаңғыру» жобаларын жеке қадағалауға алуды жүктеді

Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Үкімет басшысы Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері әкімдермен бірлесе бір ай мерзімде халықты шағын несиемен қамтуды кеңейтуді қосымша қарастыруы тиіс екенін жеткізді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өңір әкімдері азаматтарды зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) тарту үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Өткен Үкімет отырысында Ұлттық экспорттық стратегияны мақұлдадық. Енді Инвестициялар және даму министрлігі мүдделі меморгандармен бірлесе бір ай мерзімде экспорттаушыларды қолдау  бағатында министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «ҚазақЭкспорт» ұлттық компаниясының жауапкершілік аумағын жіктеу бойынша нақты ұсыныстар енгізуі қажет», - деді Премьер-Министр. Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі меморгандармен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына ұқсас жолмен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді іске асыру бойынша ұсыныстарды енгізу жүктелді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты Денсаулық сақтау министрлігіне  Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесе екі күндік мерзімде МӘМС мәселелері бойынша Мемлекет басшысына хаттың жобасын енгізуді тапсырамын. Мұнымен қоса, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар, Дін істері және азаматтық қоғам, Қаржы министрліктеріне, өңір әкімдіктеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жобаларды дер кезінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуді жекелей қадағалауға алу жүктеледі», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2017 г. 470 0