Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі Қамшыбек Қоңқабаев студенттермен кездесті. Салтанатты шараны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бахытхан Әбдікәрімов ашты. Қамшыбектің жеңісті жетістіктерін, бағындырған биігін сөз етіп, спорт саңлағын үлгі етуге шақырды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
681
0
Халқының саны және даму қарқыны жағынан аймақта алдыңғы қатарға шыққан Жаңақорған ауданы Елбасы бағдарламаларын жергілікті жерде орындаудың тиімді тәсілдерін қолға ала отырып, кәсіпкерлік саласына кең өріс ашты. Жуырда «Жаңақорған – еркін бизнес алаңы» тақырыбында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен алқалы жиын өткізіліп, бұл мәселе жан-жақты талқыланды және тың тәжірибе ортаға салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
624
0
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі қоғамның беталысына қарай еліміздің болашаққа қадамы, жалпы алғанда, рухани даму мәселесі айтылады. Елбасы таяу жылдарда жаһандық бәсекеде білім, ғылым, сондай-ақ, ақпараттық технологияның мүмкіндіктері аса жоғары бағаланатынын атап көрсетіп, осыған байланысты өмір талабына сай білімнің салтанат құруы қажеттігін алға тартады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
545
0
Жуырда ақиық ақын Асқар ауылындағы шаруашылық егініне алғашқы орақ түсті. Егінжайға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов арнайы келді. Халық қалаулылары елмен емен-жарқын кездесу өткізіп, алғашқы орақтың лентасын қиды. Диқан қауымының егіннен мол өнім алып, жауапты науқанды сәтті өткізулеріне тілектестіктерін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
589
0
Байқоңыр қаласы – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екендігі мәлім. Ресеймен бірлесіп, қаланың тіршілігін қамтамасыз етіп, ортақ жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, жалға беру шартында жұмыс жасайды. Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей мемлекетінің Қазақстаннан 2050 жылға дейінгі жалға алған «Байқоңыр» кешенін құрайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
538
0
Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
612
0
«Болашақ» медициналық колледжінің мәжіліс залында облыстық жастар денсаулығы және «Синергия» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер арасында «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты шығармашылық байқауының қорытынды концерті өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
494
0
Адамзат баласы уақыт өткен сайын өз мүмкіндігін шыңдап, шексіздікке қарай ұмтылып барады. Бір анығы, табысқа қол жеткізген адам өзінің шыққан шыңының биігінен қарағанда, жолдың басы білім алу, оқу, үйрену талабынан бастау алғанын анық көреді. Сондықтан білім алуға жұмсаған күш-жігері мен уақытын, қаржысын текке кетті деп есептемейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
1 143
0
Өз Тәуелсіздігінің ширек ғасырын артқа тастаған Қазақстан мемлекеті үшін әлемдік бәсекелестікке төтеп беру міндеті тұр. Мұны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы жыл басындағы халыққа арнаған Жолдауында ашық айтты. Оның алдындағы маңызды бір құжатта: «Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді роліне негізделген», деп атап көрсеткені де бар, яғни, әр кезеңнің талабына сай, жұмыс ұйымдастыра білу қажеттігі түсінікті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
540
0
Көптеген елдердің экономикасына көз жүгіртсек, кейінгі жылдары мемлекет пен жеке бизнестің жаңа формасы – мемлекеттік-жеке әріптестік кең қанат жаюда. Аймақта “Аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы” серіктестігі құрылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қыркүйек 2017 г.
423
0