АУҚЫМДЫ АКЦИЯ

«Болашақ» медициналық колледжінің мәжіліс залында облыстық жастар денсаулығы және «Синергия» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер арасында «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты шығармашылық байқауының қорытынды концерті өтті.
Байқауға №5 көру қабілеті бұзылған балалардың және №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының оқушылары, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдері қатысты.
«Денсаулық фестивалі-2017» кең ауқымды акциясы аясындағы шығармашылық байқауының жеңімпазы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернатының оқушылары Бекзат Мусаев, Лаура Мақсұт және Сания Амангелді болды. Сонымен қатар, аталған мектеп-интернаттың «Жауқазын» би тобы, Жалағаш ауданының Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің оқушысы Кеңшілік Әміртай, №11 мектеп-лицейінің оқушысы Дариға Дүзелбаева, №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернаты үздік деп танылды. Кеш соңында қатысушылар жүлделі сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Қорытынды концертте іріктеу кезеңінен өткен оқушылар өнер көрсетті.

Шынар БЕКБАН.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 494 0