ҚОЛАЙЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қызылорда облысында Еуропаның Қайта құру және Даму банкімен бүгінде құны шамамен 60 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау жарияланғаннан соң осы күні Елбасы барлық облыс әкімдерін қабылдап, аймақтарда атқарылар істерді тағы бір айқындап берді. Алқалы жиында Ел Президенті Н.Назарбаев Сыр өңіріндегі өрелі істерге көңілі толатынын жеткізген. Мәселен, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары ел қазынасынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген қаражаттан үлесін молынан алып, игергенін атап көрсетті.
Өткен жылы облысымыз инвестиция тарту, құрылыс салу және бюджетке салық түсімдерін түсіруден аймақтар ішінде республикада көш бастағаны белгілі. Осы кездесуде Елбасы халық¬аралық қаржы ұйымдарынан жобаларға қаражат тарту ісі бойынша қарқынмен көш бастап келе жатқан өңір ретінде Қызылорда облысын айрықша атап өтті.
Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттарын талқы¬лаған облыс активінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев өңірге келген инвестицияның басым бөлігі халықаралық қаржы институттарынан тартылып отырғанын атаған болатын. Бұл жұмыстарды сәтімен жалғастыру үшін облысқа Азия даму банкі мен Ислам банкін тарту керектігін алға тартты. Өткен біржарым жылдың ішінде облыс әкімдігі мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкі арасында 8 меморандумға қол қойылғаны мәлім. Осылайша, қысқа мерзімде өңірімізге жалпы сомасы 323,4 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы тартылады.
Қазір  әлем  жұртшылығы Арал теңізінің Сол¬түс¬тік бөлігін сақтап қалу жөніндегі Қазақстанның жобасы туралы таңданып айтып жүр. Осылайша, нақты кезеңде Қазақстан Президентінің бастамасы¬мен әзірленген жоба әлем жұртшылығына ғасыр жобасы ретінде танылып үлгірді. Облыс басшысы САРАТС жобасының екінші кезеңін іске асыру арқылы су деңгейін көтеруге, теңізді бұрынғы шекараларына дейін созуға, Арал қаласының порттық маңызын қайтаруға және Сырдария өзеніндегі көлдер жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік болатынын атап көрсетті.
Облыс тізгінін қолға алған Қ.Көшербаевтың өңірге инвестиция тарту ісін халықаралық қаржы ұйымдарынан бастағаны белгілі. Нәтижесі жоғары. Қысқа мерзім ішінде аймағымызға ұлттық валютамызға шаққанда 61 млрд теңге келіпті.
Мәселен, Қызылордада заманауи талаптарға жауап беретін автобус паркін құру жобасы алдымен 2013 жылы наурыз айында өткен І «Байқоңыр» инвестициялық форумында инвесторлар назарына ұсынылған-ды. Нәтижесінде, Қызылорда облысы әкімдігі мен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі арасында меморандум жасалды. Бүгінде жалпы құны 27,11 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны аталған қаржы ұйымы қаржыландыруда. Қазір облыс орталығында экологиялық жағынан таза деп саналатын сұйытылған газбен жүретін соңғы үлгідегі автобустар қоғамдық тасымалмен айналысуда.
Айтпақшы осы жоба аясында жуырда Қызыл¬орда қаласында заманауи жаңа автобус кәсіпорны пайдалануға берілді.
Жуырда Астанада Қызылорда қаласында салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру мәселесі де ше¬шімін тапты.
Ең бастысы, жобаны жүзеге асыру кезінде Қызылорда облысының экологиялық жағдайы жақсарады. Яғни, полигонға жеткізілетін тұрмыстық қатты қалдықтар қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Шикізаттан мәселе жоқ. Қарапайым күнделікті тұрғындардың «кәдеге жарамсыз» деп тастаған қоқыстары өңдеуден өтеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы өңдеудің басқару жүйесін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу кешенінің және жаңа сани¬тарлық қоқыс полигонының құрылысы салынып, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар, станоктар сатып алынады.
Аталған қаржы ұйымдары облыста ин¬фра¬құрылым нысандарын қайта жаңғыр¬туға қаржы бөлуде. Атап айтқанда, «Қызыл¬орда¬электр тарату компаниясы» АҚ, «Қызылорда¬жылу электр орталығы», «Қызылорда су жүйесі» секілді бірнеше ірі стратегиялық нысандарды қайта жаңғыртуға аталған қаржы институтымен келісім бар. Яғни, ескірген жылу электр орталығын жаңғыртуға қаражат бөлу мәселесі және соңғы үлгідегі жаңа электр үнемдеу технологияларын қолдану арқылы облыс орталығын жарықтандыру жобалары әзірленуде. Облыстағы сегіз жобаның құны 323,4 млн доллар! Бұл жобаларды Еуропалық қайта құру және Даму банкі қаржыландырады. Мұның бәрі облысымызға инвестиция тарту бойынша ілкімді жұмыстар атқарылып жатқанын айқындайды. Аймақ басшысы алдағы жылдан бастап облысқа Азия даму банкі, Ислам банкі секілді ірі қаржы ұйымдарын тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Өйткені, облыс әкімі атап өткендей, барлық істі еңсеруге облыс бюджетінің қауқары жете бермейді. Сондықтан сыртқы көздердің қаржысына жүгінуді жалғастыра беретін боламыз. Ал, өңірге инвестиция келсе, экономикалық өсім де жоғарылайды, мұны¬мен бірге жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, өңір тұрғындарының әл-ауқаты жақсара түседі.
Сырдарияның сол жағалауын игеру алдағы уақыттағы маңызды міндеттердің бірі болып табылды. Қазіргі таңда Бельгия химия өндірісін, фармацевтика, металлургия салаларын дамытуға серпін бере алады.
Сонымен бірге шетелдік инвесторларға облыс¬тық агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары екпін алған өңірді газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.
Жалпы, өңірде инвестиция тарту «Байқоңыр» инвестициялық форумының табысты өтуінің нәти¬жесінде мүмкін болғанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, Сыр еліне әртүрлі халықаралық дең¬гейдегі институттар өкілдерінің, елшілік өкілдерінің келуі де көптеген түйінді мәселелердің шешілуіне ықпал жасады.

Ж.ӘЛМАХАН.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2017 г. 612 0