Тұғыры бекем Тәуелсіздік

Тұғыры бекем Тәуелсіздік

Тағдыр сынағында мың өліп, мың тірілген Қазақ елі үшін Тәуелсіздіқ ұғымы көзінің қарашығындай қымбат екені анық. Енді санаулы күндерден соң осынау қастерлі де киелі мерекеміздің жиырма алты жылдығын атап өтетініміз әмбеге аян. Осынау аралықта біздің елімізде, Сыр өңірінде, оның ішінде Арал ауданында да көптеген оңды істер тындырылғанын көріп, біліп жүрміз. «Жақсының жақсылығын айт» дейді дана халқымыз. Осы ретте теңіз төскейінде қабырғалы қауымның игілігіне айналған толымды жұмыстардың кейбірін оқырмандар назарына ұсына кетуді жөн санадық. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 562 0
МӘДЕНИЕТ – РУХАНИЯТ МӘЙЕГІ

МӘДЕНИЕТ – РУХАНИЯТ МӘЙЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани мұраларымызға баса назар аударуымыз қажеттігі айтылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 881 0
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТАЛАБЫ

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТАЛАБЫ

Бейсенбі күні «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қоғамдық кеңес алаңында қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынға мәдениет саласының мамандары, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 1 384 0
АКАДЕМИК

АКАДЕМИК

Әлем мойындаған математик, айтулы ғалым, бірнеше тілде еркін сөйлейтін полиглот, Ұлттық ғылым академиясының академигі, аты жер-жаһанға әйгілі жерлесіміз Асқар Жұмаділдаевты білмейтін адам кемде-кем. Ол күрделі ғылым саласының білгірі әрі ғалым ретінде жұртты мойындатқан жан. Математик озық ойларымен, жаңашыл істерімен, ұтымды ұсыныстарымен көпшілік арасында кеңінен танымал.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 1 043 0
ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛЕЙІК

ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛЕЙІК

Жер бетінде тіршілік пайда болған Адам Ата мен Хауа Анадан бастау алған  адам  баласы  ұлты  мен нәсіліне қарамай, өсе келе заманның ағымымен қоғамның, оның адамдарының бағыт-бағдарын, сенім-нанымның орындалуына, табиғаттың бір тылсым күшінің бар екендігіне Тәңірге, оны жаратушы құдайға сенуді басты мұрат еткен. Табиғаттың алып күштері отқа, суға, ай мен күнге, жұлдызға, тауға, тасқа, бұлтқа, т.б. құдай деп сеніп табынған. Осындай адамдардың сенім-нанымдарын өз мақсаттарына пайдаланған қуатты мемлекеттер экспансиялық жаугершілік, миссионерлік соғыстар жүргізіп өз діндеріне бағынышты ұлттарды енгізудің арқасында дүние жүзінде ұлы діндердің өмірге келгенін білеміз. Солардың бірі жиырмасыншы ғасырдағы ең әділ, таза гуманды дін ислам діні деп танылғанын, оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар деп мойындалғанын дүние жүзі халқы біледі. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 686 0
«Жүз жыраудың елінде»  ДӘСТҮРДІҢ АЛТЫН ТІНІ ҮЗІЛМЕЙДІ

«Жүз жыраудың елінде» ДӘСТҮРДІҢ АЛТЫН ТІНІ ҮЗІЛМЕЙДІ

Қармақшы – Сырдың төменгі ағысындағы қойнауы тарихқа тұнған мекен. Түгел түркінің ортақ тұлғасы, желмая мініп, жерұйық өмір іздеген Қорқыт бабаның осы жерде мәңгілік тыныс табуының сыры әлі де толық ашылған жоқ. Адамзатты ғарыштың тылсым әлемімен байланыстырған әлемдегі ең алғашқы космодромның осы маңнан салынуында ғылыми негізделген терең мән бар. Жеті атасынан бері жыраулық дәстүрдің алтын тінін үзбеген, көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздар шоғыры Қармақшыны «жүз жыраудың елі» атандырғаны өзінше бір тарих. Елдік пен ерлікті, еңбек пен бірлікті жыр еткен, достық пен туыстықты ту еткен халық ата салтты алтындай сақтап, баба дәстүрін қастерлеп жаңа ұрпақ өрбітіп келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 947 0
БОЛАШАҚҚА  БАҒЫТТАЛҒАН  БАЙЫПТЫ БАЙЛАМ

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН БАЙЫПТЫ БАЙЛАМ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғам өкілдері, жалпы қалың бұқара жылы қабылдады. Онда Елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағына бағытталған айқын басымдықтарды атап көрсетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 745 0
ТАРИХ ПЕН ЕРЛІК РУХЫ

ТАРИХ ПЕН ЕРЛІК РУХЫ

Әлем өркениеті тарихындағы мемлекет басқарған хандар, патшалар, корольдер, әмірлер туралы көркем әдебиет шығармаларының да қалыптасқан дәстүрі бар. Мемлекет билігіндегі жеке тұлғалардың көркем әдебиет туындылары арқауына алынуы, олардың әдеби тек түрлері (эпос, драма, лирика) жанрлары шығармаларындағы әдеби-тарихи бейнелерінің сомдалу себебі – олардың өздері басқарған мемлекетін, халқын аман сақтау, дамыту, мәңгілік мызғымастай етіп нығайту, күшейту еңбектерінің халық көңілінің жылы ықыласын иеленгендігі. Йоллығ Тегіннің «Күлтегін», «Тоныкөк», Гомердің «Илиада», «Одиссея», Низамидің «Ескендірнама», Науаидің «Ескендір қорғаны», хакім Абайдың «Ескендір», Т.Ізтілеуовтің «Шаһнама», А.С. Пушкиннің «Мыс салт атты» дастандары, т.б. туындылар – батыр-патшалар туралы эпикалық шығармалардың бастаулары. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 1 255 0
ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР

ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР

Сыр өңірі – сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Киелі мекенде жадыңнан өшпейтін асылдың сынығындай мұралар жетіп артылады. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де, сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи-мәдени  мұраларды қорғау – халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз. Осы бағытта тарихи-археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай-ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде нақты іс-шаралар жүргізілуде. Міне, осындай мұраның бірі – оғыз-қыпшақ заманының жәдігері болып табылатын Оқшы ата мазары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 1 822 0

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ МӘСЕЛЕСІ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша «Білім» бағытымен комиссияның көшпелі отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, партиялық тәлімгер Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 582 0