« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша «Білім» бағытымен комиссияның көшпелі отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, партиялық тәлімгер Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық етті.
Жиында «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың бір бағыты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту» тақырыбы талқыланды.
Комиссияның жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым вице-министрі, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, білім басқармасының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, сондай-ақ профильді қоғамдық бірлестік пен ұйым өкілдері қатысты.
Жиында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мен облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов баяндама жасады.
ҚР Білім және ғылым вице-министрлігінің ақпаратына сәйкес, нақты кезеңде министрлік мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзінің жұмысын екі бағытта жүзеге асыруда. Олар – біріншісі, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және жеке инвестицияларды белсенді түрде тарту арқылы мектепке дейінгі білімге балалардың тең қолжетімдігін қамтамасыз ету. Екіншісі, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапаны арттыру. 2020 жылға қарай 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтылуы қажет.
2010 жылдан бастап балаларды мектепке оқуға дайындау мақсатында «Балапан» бағдарламасы іске қосылып, бүгінгі күні 3-6 жастағы балаларды қамту бойынша ауқымды нәтижеге қол жеткізуге ықпал етті. Қамтудың ең жоғары динамикасы аймақтар ішінде Оңтүстік Қазақстанда – 60,3 пайыз, Алматыда – 59,3 пайыз, Қызылордада 48 пайыз қамтамасыз етілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуде жергілікті атқарушы органдардың белсенді жұмысын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын ерекше атауға болады. Жалпы саны 9828 мектепке дейінгі ұйымның 31,1% пайызы (3058 бірлік.) жекеменшік болып табылады.
Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамытуда мемлекеттік тапсырыс орналастыру бағытындағы жұмыс республика бойынша ең бірінші болып 2009 жылы қолға алынған болатын. Соған орай 100 пайыз қамтуға қол жеткізгені қуантарлық жағдай.
Нақты кезеңде облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар желісі айтарлықтай өсті. Қазір облыста 659 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 60597 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде, облыс бойынша 553 балабақша жұмыс жасайды, онда 42584 бала тәрбиеленуде.
2012 жылы облыста барлығы 81 жекеменшік балабақша жұмыс жасаған болса, қазіргі таңда жекеменшік балабақша саны 394 болып отыр. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 71,2 пайызын құрайды.
2012-2017 жыл аралығында республикалық бюджет есебінен 2520 орындық 9 балабақша құрылысы, облыстық бюджет есебінен 1320 орындық 14 балабақша салынып, ел игілігіне берілді.
Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комиссия мүшесі Наталья Жұмаділдаева мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, толықтай еңбек нарығының сұранысына бәсекеге қабілетті білікті кадрларды даярлау да маңызды болып табылады. Себебі, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша сабақ берілетініне қарамастан, балабақшаларда білікті маман жетіспеушілігі байқалады.
Соңында комиссия мүшелері «Бегім Ана» мемлекеттік балабақшасы мен «Нұр Шұғыла» жеке балабақшасы жұмысымен танысты.
Р.АРЫСТАНБАЙ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |