ЖҰМЫС КӨЗІМЕН ҚАМТЫЛУДА

ЖҰМЫС КӨЗІМЕН ҚАМТЫЛУДА

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыс бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі Шиелі ауданының Тартоғай елді мекенінде орналасқан. Мекеменің басты міндеті сотталған қоныстанушыларды жұмысқа орналастыру болғандықтан, оларды мүмкіндігінше ақылы жұмысқа тартуға күш салынуда.
ҚОҒАМ 31 қазан 2013 г. 1 016 0
«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша іс-шаралар жобасының шеңберінде өткізілетін, «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» атты Қазақстан  Республикасының тарихындағы алғашқы конкурсының басталуы жарияланып, бұл конкурс қазан айына дейін жалғасын тапты. Бұл шараның мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдануға қоғамдық назарды аудару. 
ҚОҒАМ 31 қазан 2013 г. 3 557 0
Жалақы қарызы өтеледі

Жалақы қарызы өтеледі

Сейсенбі күні «Импреза С.п.А.» АҚ филиалы ғимараты алдына компаниядан алашағы бар жұмысшылар жиналды. Осы күні мекемеден  10 миллион теңгеден астам жалақыны өтеуді сұраған сексенге жуық жұмысшының талабына орай, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбдіғазиз Әлжан баспасөз мәслихатын өткізді. 
ҚОҒАМ 31 қазан 2013 г. 1 083 0
ЕҢБЕК ҚҰДІРЕТІ

ЕҢБЕК ҚҰДІРЕТІ

Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылындағы  «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов биылғы жылғы ауылшаруашылық қорытындысында озат төраға атанып, «Алтын күз-2013» жеңімпазы болды. Бұл марапат тосын жағдай емес, ол  әрдайым-ақ, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген басшының қатарынан саналады. 
ҚОҒАМ 29 қазан 2013 г. 1 195 0
ТОЛҚЫНДА ТУҒАНДАР

ТОЛҚЫНДА ТУҒАНДАР

«Арал». Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама сыр жатыр десеңізші. Бір сәт тарих жылнамасына көңіл аударайықшы. Өткен ғасырда ұлы теңіз қуанышты сәтті де, қасіретті шақты да басынан кешіргені баршаға мәлім. Қазекеңе ата-қонысынан асқан жерұйық болар ма? Шалқыған айдын шаңдағы шыққан тақырға айналып, телегей теңіз келмеске кеткен ауыр күндер жалпақ жұрттың әлі түсіне кіреді. 
ҚОҒАМ 29 қазан 2013 г. 1 317 0
АНА ҚҰШАҒЫ САҒЫНЫШ

АНА ҚҰШАҒЫ САҒЫНЫШ

Соғыстан соң үш жыл өтіп, ел есін енді жинай бастаған тұста Бисенкүл апа мен Қасен аға шаңырақ көтеріп, отау құрды. Ұят пен инабатты берік ұстанған қожа әулетінен шыққан жас келіншек табын Ақмырза шал мен Молшылық апаның шаңырағына шаттық ала келді. Қанды қырғыннан кейінгі жоқ-жұқа уақыт еді. Бисенкүл үшін дүниеауи нәрселердің маңызынан ата-ене мен күйеуінің бабын табу алдыңғы кезекте тұратын. Адамдардың да пейілі кең, қанағат пен шүкірінен танбаған кезең еді бұл. Бірінің аузындағысын бірі үзіп жеп, жарасымды жұп атанған жас отбасының қоңырқай тірлігі жалғасып жатты.
ҚОҒАМ 26 қазан 2013 г. 2 284 0
АЛДЫМЕН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

АЛДЫМЕН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Бала тәрбиесіне келгенде ата-аналардың тарапынан салғырттық пен немқұрайлық танытып, уақытында көңіл бөлмеудің салдарынан жас жеткіншек қылмысқа барып, опық жегізіп жатады.
ҚОҒАМ 26 қазан 2013 г. 1 369 0
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕҢСЕСІ БИІК

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Осыдан бірер жыл бұрын жарияланған Елбасының "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты мақаласында жаһандық бәсекелестік жағдайында еңбек алдыңғы кезекке ілгерілеу керектігін атап көрсеткен еді. Еңбек мектебінен алған тәлім адамға өмірлік азық болатынын айрықша атап өтті. Сондай-ақ қарапайым еңбек адамының беделін көтеру туралы өрелі ойлар айтты.
ҚОҒАМ 26 қазан 2013 г. 2 387 0
БАҚЫТЫ ЖАНҒАН ЖІГІТ

БАҚЫТЫ ЖАНҒАН ЖІГІТ

Көптің тілегі қабыл болады деседі. Қазалыдағы егін жинау науқанынан соңғы күн қабағы осындай тұжырымға жетеледі. Табиғаттың тылсым күші бұл жолы да диқандарға жомарттық танытты. Маусым кезінде ашық күн райы енді күрт бұзылды. Құдды дала перзенттерінің жиын-терімді сәтті өткізуін күтіп тұрғандай әсер қалдырады. Танаптағы егісті қамбаға құйып үлгерген қабырғалы қауым мәре-сәре. Биыл қазалылық диқандардың өнімі бөтен болған жоқ. Жаз бойы төгілген тердің қарымтасы қайтты. Тындырымдылығымен танылғандарға еңбегіне қарай сый-құрмет жасалынды. Қошеметке бөленді. 
ҚОҒАМ 26 қазан 2013 г. 1 122 0
ХАЛЫҚ МYДДЕСІМЕН САБАҚТАС САЛА

ХАЛЫҚ МYДДЕСІМЕН САБАҚТАС САЛА

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, көптеген елдерге өзінің жаңашыл идеяға толы өміршең үлгісін танытты. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасы өз Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісін «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» етіп жариялады. Мереке қарсаңында газет тілшісі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Қызылорда облыстық филиалының директоры, ҚР Еңбек, әлеуметтік сала қызметінің үздігі Салхадин Мырзабековке жолығып, халық өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік саланың бүгінгі жай-күйі, алдағы міндеттері туралы айтып беруін өтінген еді.
ҚОҒАМ 24 қазан 2013 г. 1 192 0