АЛДЫМЕН АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Бала тәрбиесіне келгенде ата-аналардың тарапынан салғырттық пен немқұрайлық танытып, уақытында көңіл бөлмеудің салдарынан жас жеткіншек қылмысқа барып, опық жегізіп жатады.
Егер ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіне аса мән беріліп, оларды қоғамдық ортада өздерін саналы азамат ретінде дұрыс ұстауға үндесе, мұндай жағдайлар болмас еді.
Жергілікті статистикалық мәліметтерге қарағанда осы жылдың 9-айында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалар жасаған құқық бұзушылықтар үшін олардың ата-аналарына қатысты 372 әкімшілік іс қаралса, оның 323-і бойынша әкімшілік айыппұл салынған.
Сонымен қатар, қоғамдық ортада кәмелетке толмаған жасөспірім өзін дұрыс ұстамай, ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін олардың ата-аналары жауапты болып, тиісінше оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жекелеген кейбір баптарымен бірінші ескерту түрінде жауапкершілік көзделген. 
Сондай ақ, бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалатын болса, ата-аналарға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері 2-3-есеге ұлғаятындығын ескере кеткен жөн деп есептеймін.
Есепті мерзімде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен қозғалған әкімшілік істері көп кездесіп отыр.
Яғни, қоғамдық ортаны сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін және түнгі уақытта баланың үй жайдан тыс жерлерде болуына жол бергені үшін де ата-аналардың жауапты болатынын ескерте кеткен жөн.  
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген бар. Осыны ескерсек, бала тәрбиесі түзу болары анық... 
С.ТӨЛЕГЕН,
Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі.

ҚОҒАМ 26 қазан 2013 г. 1 408 0