Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыс бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі Шиелі ауданының Тартоғай елді мекенінде орналасқан. Мекеменің басты міндеті сотталған қоныстанушыларды жұмысқа орналастыру болғандықтан, оларды мүмкіндігінше ақылы жұмысқа тартуға күш салынуда.
Yстіміздегі жылы «Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы арадағы келісім-шартқа байланысты сотталған қоныстанушыларды толық ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар мекемеде ақылы жұмыспен қамтылған сотталушылар барынша мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылуда. Олар ҚР Еңбек заңнамаларындағы нормаға сәйкес айлық жалақыларын уақытылы алуда.
Адам пайдалы еңбекпен айналысатын болса, оның жаман ойларды ойлауына уақытының болмайтыны анық. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатындары мекеме бастығының бұйрығымен марапаттауларға ие болып жатады. Осындай тиімді еңбек арқасында үстіміздегі жыл басынан сотталған қоныстанушылар арасынан үлігі тәртіптері мен саналы еңбектері үшін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, отбастарына, ағайын-туыстарына оралулары біз үшін қуанышты жағдай.
Әрине, дәл қазіргідей қаржының тапшылығы қыспаққа алып отырған кезеңде жұмыс көзін табу да оңай деп айта алмаймыз. Соған қарамастан жергілікті әкімдіктермен қарым-қатынас жасап, екі жаққа да қолайлы мүмкіндіктер жасалды. Яғни, белгілі бір мамандықтың түрін игеру қоныстанушы үшін күні ертең еркіндікке шыққаннан кейін де құнын жоғалтпайды.
Ерінбей еңбек етсең, бойыңа имандылық нәрі мен ізгілік шуағы құйыла берері сөзсіз.
Бақыт ӘБДИЕВ,
ЗК-169/4 республикалық мемлекеттік мекемесінің аға инспекторы.