ҰСТАЗДЫҚТЫ ЗОР МӘРТЕБЕ САНАҒАН

Ұстаз – ұлағатты жан. Ұстаз шәкіртімен бақытты. Шын мәнінде ғұлама ғалым да, ақын-хакім де – бәрі-бәрі ұстаз алдынан шыққаны,ұстаз алдында бас иетіндігі мәлім. Осындай ұстаздар қатарына Асылхан Дүйсебековті жатқызар едім.
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 672 0

ОТАНШЫЛ БОЛ, ЖАС ҰРПАҚ!

Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы, әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды отансүйгіш, елжанды азамат етіп қалыптастыру қоғам алдындағы басты міндет. «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ даналары бекер айтпаса керек. Оқушының жетілген, интеллектуалды азамат болып өсіп жетілуі үшін тек қана мектеп емес, ата-ана да бала тәрбиесіне көңіл бөліп, белсене атсалысқаны жөн
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 655 0

МЫҢНАН ТҰЛПАР ШЫҚҚАНДАР

Көрікті білім ордасының есігінен аттағаннан-ақ көкке самғаған әсем әуен көңілімізді селт еткізді. Құлаққа жағымды естілген ән маған Қазалы аспанын баурап алғандай сезілді. Тіпті сазды дауыстың аяқталмағанын қалағандаймыз. Көкейіміздегіні дөп басқан №249 мектеп-лицейдің директоры Күлзипа Нахан жылышырайлы қарындасымызды «Бұл біздің мақтанышымыз, әуез пәнінің мұғалімі – Гүлнар Аяп» деп таныстырған еді. Қайран қалдым. Қарапайым мінезді, ибалы жанды жуырда ғана облыс басшысы тағайындаған «Талантты ұстаз» бағамына қоса, миллион теңге сыйақы алған ұстаз деп ойламаған едім.
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 616 0

ҮМІТ ЖЕЛКЕНІН КӨТЕРГЕН ТЕҢІЗ

Қазақта «өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей болды» деген бейнелі бір сөз бар. Жалпақ жаһанға мәлім Арал теңізі мәселесіндегі соны өзгерістер осы сөзді ойға жиі келтіреді бүгін. Иә, азат еліміз әлем санасын сан-саққа жүгірткен сабақты проблема бедерінде қол қусыра қарап отырмай, батыл да айтулы бастамаларға барды. Ғалам және ғасырлар проблемасына айналған осы алып мәселеде Қазақстан аса белсенді және игі нәтижелер келтірген ізденістер жолынан тайған емес.
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 530 0

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Сейсенбі күні Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «ЕХРО LАHD-2013» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Онда қала мен облыстың барлық аудандарынан келген жастар өз ойларынан туындап, жасаған жаңашыл дүниелерін көпшілік назарына ұсынды.
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 511 0

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 1 қазандағы бағасы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. 
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 245 0

ТӘРТІП ЖОҚ ЖЕРДЕ ТАЛАП ДӘРМЕНСІЗ

Мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі жаңа өзгерістер мен толықтырулар Елбасының 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген болатын. Жаңа редакцияда қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заң заман талабына, озық тәжірибелерге сай бағытталған. 
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 368 0
ПӘТЕРІҢІЗГЕ СУ ЕСЕПТЕГІШ ОРНАТТЫҢЫЗ БА?

ПӘТЕРІҢІЗГЕ СУ ЕСЕПТЕГІШ ОРНАТТЫҢЫЗ БА?

Су – тіршілік көзі. Су қай жерде тоқтаса сол жерде өмір де тіршілігін тоқтатары ақиқат. Қысқасы, өзектен өтер бір жұтым судың қадір-қасиетін бабаларымыз ұрпағына айтып кеткеніне тағзым етпей болмайды. Бүгінгі таңда әлемде су мәселесі ең өткір күйінде тұр. Сондықтан, «судың да сұрауы бар» деген мәтелдің күні туды. Қысқасы, әр тамшы су есепке алынбай болмайды. 
ҚОҒАМ 03 қазан 2013 г. 1 164 0

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

Елбасының ұдайы атап көрсетіп жүргеніндей, қазіргі таңда экономиканың барлық салаларында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруда энергетикалық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу маңызды міндет болып табылады.
ҚОҒАМ 03 қазан 2013 г. 1 355 0
ЖОЛ АПАТТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

ЖОЛ АПАТТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысы өтті. Онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, комиссияның өткен отырысындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы мәселелер қаралды.
ҚОҒАМ 03 қазан 2013 г. 1 376 0