Су – тіршілік көзі. Су қай жерде тоқтаса сол жерде өмір де тіршілігін тоқтатары ақиқат. Қысқасы, өзектен өтер бір жұтым судың қадір-қасиетін бабаларымыз ұрпағына айтып кеткеніне тағзым етпей болмайды.
Бүгінгі таңда әлемде су мәселесі ең өткір күйінде тұр. Сондықтан, «судың да сұрауы бар» деген мәтелдің күні туды. Қысқасы, әр тамшы су есепке алынбай болмайды. Біз ұрпақ бойына су ысырабына жол бермеуді ұғындыруымыз керек.
Қызылорда қаласының халқы жылдан жылға өсіп келеді. Қазір бүгінгі қалада 700-ден аса көше бар. Бұл 200 мыңнан астам халықты құрайды. Осынау тұрғынға жүздеген шақырымды алып жатқан су құбыры арқылы сағатына бірнеше мың текше метр су босатылады.
Ал, қаладағы құбырдан қала халқына толассыз босатылып жатқан судың есепке алынып, әр отбасына берілуі қалай? Шындығын айту керек, әлі де су ысырабы сейілер емес. Бұл үшін қандай шаралар күн тәртібінде тұр?
Қазір қала халқының 93 пайызы пәтеріне су өлшегіш құралын орнатып, отбасы бюджетін үнемдеуге даңғыл жол аша бастады. Дегенмен, бірқатар тұрғындар әлі су өлшегіш құралдарын пәтеріне орнатпай, жайбасар күй кешуде. Біздің есебіміз бойынша әлі де мыңдаған пәтер иелері су өлшегіш құралдарын орнатпай отыр. Бұл бізді қатты алаңдатуда.
Қадірменді тұрғындар! Пәтеріңізге су өлшегіш құралын орнату – өте тиімді, әрі сізге отбасы қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Тағы да еске саламыз, пәтеріңізге су өлшегіш құралын орнатып алыңыз. Сонымен сізге пәтеріңізге су өлшегіш құралын орнатуға асығыңыз деп тілек білдіреміз.
М.ӨСЕРБАЕВ,
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның директоры.