29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

Инсульт — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз). 
АҚПАРАТ 27 қазан 2016 г. 2 169 0
Зиянкестен қалай сақтанамыз?

Зиянкестен қалай сақтанамыз?

Қызанақ күйесі – жылыжай және ашық топырақта егілген көкөніс дақылдарының зиянкесі. Отаны Оңтүстік Америка болып табылады. Алғашқы рет Еуропа аумағында 2006 жылы Испанияда анықталды. Кейін, 2010 жылдары Германия, Венгрия, Израиль, Түркия, Болгария, Кипр мемлекеттерінде анықтала басталды. Біздің мемлекетке шекаралас жатқан көрші елдердің барлығында – Ресейде, Қытайда, Иранда бұл қызанақ күйесі карантиндік зиянкес болып табылады. Еліміздің Ақтөбе, ОҚО, ШҚО, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарында анықталған. Қызанақ күйесі қызанақ дақылынан облыста алғаш рет 2015 жылы Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылында тіркелді.
АҚПАРАТ 26 қазан 2016 г. 2 254 0
Тыңғылықты дайындық қажет

Тыңғылықты дайындық қажет

Өзен жағалай қоныс тепкен Сырдағы елді мекендерге дария суынан төнер қауіптің алдын алу үшін тыңғылықты дайындық керек. Бұл мәселе кеше облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Мәжіліске төрағалық еткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тиісті сала басшыларына су тасқынына тосқауыл болар жоспардағы жұмыстарды уақытылы бітіріп, қауіпсіздікті нығайтуға тапсырма берді.
АҚПАРАТ 18 қазан 2016 г. 1 180 0
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер грант иегері

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер грант иегері

Облысымызда «Жұлдыздарға қара – Посмотри на звезды» жобасының жеңімпаздарына гранттар табысталды. Аталған жоба үш ай бойы еліміздің барлық аймағында өткен болатын. Мүгедек-кәсіпкерлердің бизнес-идеясын жүзеге асыруларына берілетін ақшалай гранттың бюджеті ағымдағы жылы 14,4 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, бір адамға берілетін  гранттың жалпы сомасы  100 мыңнан  300 мың теңгеге дейін көбейіп, грант алушылардың саны 48 адамға дейін артты. Жоба аясында әр аймаққа 3 грант бөлінген. Ал біздің облыс 4 жеңімпаз анықталған жалғыз өңір болып отыр. Қызылорда облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден жобаға қатысуға 20 өтінім қабылданып, нәтижесінде 4 жоба қаржыландырылды. 
АҚПАРАТ 11 қазан 2016 г. 1 595 0
Архив саласын жетілдіруде жемісті қадамдар жасалады

Архив саласын жетілдіруде жемісті қадамдар жасалады

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап  кітапханасында ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаровтың қатысуымен «Қызылорда облысында архив ісінің дамуы» атты жиын болып өтті. 
АҚПАРАТ 08 қазан 2016 г. 1 735 0
Ауылдың өз бюджеті болады

Ауылдың өз бюджеті болады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2016 г. 2 845 0
Ауыл шаруашылығы мамандары біліктілігін жетілдіруде

Ауыл шаруашылығы мамандары біліктілігін жетілдіруде

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР АШМ және арасындағы келісімшартқа сәйкес 2016 жылдан бастап «Агробіліктілік орталығы» ЖШС құрылып, елдің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге арналған семинарлар өткізілуде. 
АҚПАРАТ 16 қыркүйек 2016 г. 3 285 0
Неміс эксперттері тәжірибе бөлісуде

Неміс эксперттері тәжірибе бөлісуде

Германиядан келген профессор Фритц Мильтнер мен доктор Ута Мильтнер екі аптадан бері Қызылордадағы «PrimeClinic» медициналық орталығының мамандарымен тәжірибе бөлісуде, - деп хабарлады «Даму» қорының баспасөз қызметінен.
АҚПАРАТ 16 қыркүйек 2016 г. 2 897 0
Халықаралық жоба жүлдегері Қорқытта оқиды

Халықаралық жоба жүлдегері Қорқытта оқиды

Айдана Сәбитбекқызы Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 қазақ-түрік лицей-интернатын бітірген.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2016 г. 2 986 0