Зиянкестен қалай сақтанамыз?

Зиянкестен қалай сақтанамыз?Қызанақ күйесі – жылыжай және ашық топырақта егілген көкөніс дақылдарының зиянкесі. Отаны Оңтүстік Америка болып табылады. Алғашқы рет Еуропа аумағында 2006 жылы Испанияда анықталды. Кейін, 2010 жылдары Германия, Венгрия, Израиль, Түркия, Болгария, Кипр мемлекеттерінде анықтала басталды. Біздің мемлекетке шекаралас жатқан көрші елдердің барлығында – Ресейде, Қытайда, Иранда бұл қызанақ күйесі карантиндік зиянкес болып табылады. Еліміздің Ақтөбе, ОҚО, ШҚО, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстарында анықталған. Қызанақ күйесі қызанақ дақылынан облыста алғаш рет 2015 жылы Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылында тіркелді.
Қызанақ күйесі зиянкесі өте тез дамып өседі. Қоршаған ортаның температурасына қарай оның бір өмірлік циклі 24-80 күн аралығында. Ал  жабық жылы жай кешендерінде 24-30 күн аралығында болса, ашық жерлерде 30-80 күн аралықтарында болады. Қызанақ күйесінің дамуы температураның төменгі сатысы + 9 градус. Ал ауа температурасы +25 +30 градус болғанда жылына  10-12 ұрпақ бере алады. Аналық көбелек 250-300 жұмыртқа салады. 4-6 күннен кейін жұмыртқадан дернәсілдер шыға бастайды. Жұлдыз құрттар 10-12 күн өмір сүріп, қуыршақтануға кетеді. Қызанақ күйе көбелегінің жұмыртқасы да, қуыршағы және ересек көбелегі де қыстай береді.
Бұл зиянкес көшетпен, өнімдермен, қораппен және жақын жерге ұшу жолдарымен де таралады. Енді онымен күресу шараларына келейік. Ауыспалы егістікті ұстану және өсіру технологиясын сақтау, феромонды ұстағыштарды қолданып, уақытылы хабарлау. ҚР аумағында рұқсат етілген инсектицидтермен дер кезінде өңдеу. Шет елдерден келетін өнімдерге қатаң түрде тексеру жұмыстарын жүргізу. Анықталған жағдайда дереу залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Ұсыныс:
1.Жылыжай кешендерінде москиттік сеткаларды орнату;
2.Қызанақ күйесіне арналған феромондық ұстағыштарды қою;
3.Залалданған қызанақ жапырақтары мен сабақтарын, өнімдерін жұлып алу және оларды арнайы бір метр тереңдікке шұңқырлар қазып полиэтилендік кленкаларға орап көміп тастау;
4.Жылыжайға кіретін жерлерінде екі есік орнату;
5.Профилактикалық шараларды үнемі жүргізіп отыру;
6.Жылыжай кешендерінің сыртқы айналасындағы арамшөптерге  келіп түсетін зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп отыру;
7.Жылыжай иелері қызанақ тұқымдарын сатып алған кезінде, өнімге берілген фитосанитарлық сертификатты талап ету;
8.Сатып алынған тұқымдық материалды міндетті түрде карантиндік зертханаға зертханалық сараптаудан өткізу;
9.Жылыжай кешендерінде қызмет жасап жүрген агрономдарға оңтүстік америкалық қызанақ күйесінің фенологиясын жүргізуге мүмкіндік жасау;
10.Химиялық препраттарды қолданған кезде техрегламент талаптарын сақтау.
Ұсынылатын препараттар:
1.Кораген, к.с. (0,15-0,2 л/га)
2.Авант (0,45 л/гга)
3.Матч 050, к.э, (03 л/га)
4.Децис (0,3 л/га)
Есенжол ӘЛМАХАНОВ,
Қызылорда облысы өсімдіктер карантині және 
ФББ жөніндегі мемлекеттік инспекциясы   
бөлімінің басшысы.
АҚПАРАТ 26 қазан 2016 г. 2 254 0