Халықаралық жоба жүлдегері Қорқытта оқиды

Халықаралық жоба жүлдегері Қорқытта оқидыАйдана Сәбитбекқызы Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 қазақ-түрік лицей-интернатын бітірген.

Ол 11сыныпта оқып жүріп, достарымен бірге «Infomatrix-Asia/Pasific» компьютерлік жобасына қатысады. Әлемнің 30-ға жуық елінен оқушылар қатысқан бұл додадан олар құр қайтпады. Қола жүлдеге қол жеткізді. Соның нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш 100 балдық сертификатқа ие болды.

Халықаралық дәрежедегі жоба жүлдегері бүгінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ақпараттық жүйелер мамандығында оқиды.

 «Ірі қалалардағы оқу орындарын емес, неліктен осы оқу орнын таңдадың?» деген сұраққа ол: «Барлық жақта беретін білім бір емес пе? Әрі өз университетімнің өзге жоғары оқу орындары арасында беделі биік екеніне сенімдімін», - деп жауап қатты.

Сондай-ақ Айдана Сәбитбекқызы шілде айында облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдаған үздік оқушылар қатарында болған.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

баспасөз орталығы

АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2016 г. 2 986 0