« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР АШМ және арасындағы келісімшартқа
сәйкес 2016 жылдан бастап «Агробіліктілік орталығы» ЖШС құрылып, елдің барлық
өңірінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге арналған семинарлар
өткізілуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС-де өткен кезекті семинар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің біліктілігін артыруға бағытталды. Айта кету керек, серіктестік директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінажадин Өтеев өткен жылдан бастап 500 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан болатын. Бүгінде кешен халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуде. Болашақта мал басын мың жарымға жеткізіп, мал сою цехы жанынан арнаулы ыдысқа салынып, бұқтырылған ет, ет филесін, шұжық дайындауды межелеп отыр.
Мұнда қазіргі таңда 400-дей баспақ-өгіз бағылуда. Олар
жастары мен зоотехникалық жағдайларына қарай 5 топқа бөлініп, күтіліп,
малдардың әрқайсысының тәулігіне 700 грамнан
1 кг дейін салмақ қосуына
мүмкіндік жасалуда.
Семинарда өңірге арнайы келген мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, серіктестіктің бүгінгі жай-күйін көрді. Сонымен қатар ветеринар мамандарға кеңестерін ұсынды.
Семинарларға қатысу тегін. Бүгінгі күнге дейін жалпы жоспарланған шараның 60 пайызы, яғни 22 семинар өткізіліп болды. Семинарларда отандық және шетелдік сарапшылар теориялық және практикалық дәрістер жүргізеді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |